Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы
24.09.2015, 14:23
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы,
«Бейнеу мектеп - интернаты» мемлекеттік мекемесінің
әлеуметтік педагогы, химия пәні мұғалімі
Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы

Тақырыбы: Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының:«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ»,- деген пікірінен бастағалы отырмын.

Халқымыз «қыз - қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген.

Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Уақыт өте келе қыздарымыз жаман қылықтарға әуестеніп бара жатыр. Қазіргі қазақ қыздарының жүріс - тұрысы, өз бойын күтуі, киім - киісі мүлдем өзгеше. Қыз балалар тәрбиесінде «ұзын арқан, кең тұсауға» түсіп кеткені айдан анық. Батыстан бел түзеген түрлі жағдайлар біздің салт - санамызға өз әсерін тигізіп отыр. Осындай, қоғамда кең етек жайған қыздар мәселесі туралы тәрбиелік шаралардың бірі - біздің «Бейнеу мектеп - интернаты» мемлекеттік мекемесінде «Қыз ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты рухани тәрбие беретін кеш өткізілді. Сол кештің жүрісін әріптестеріме ұсынып отырмын.

Кештің алғашқы беташарын жас ұрпаққа арнап ұлттық салт - сананы, дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды өмірбаяндық деректермен байланыстыра отырып өсиет етіп жазған Ділдә Матайқызы Тасмағамбет келіні «Айналайындарым менің.....» кітабындағы мына бір үзіндіден бастағанды жөн көрдім.

АЙНАЛАЙЫНДАР, қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді.
Қыз - бүгін әке - шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да, азары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Ертеде «қызға қырық үйден тыю» деп отырған. Мұның астарында қыз абыройы – ата - анасының абыройы деген мән жатыр.
Қызың көргенді де ибалы, сөзі - сынық, ісі - түзік, киімді бойына жарастырып киіп, жымиып қана күліп, сызылып жаймен жүріп айтқаныңды екі етпесе – АЖАРЫҢ!
Ал, айтқаныңды алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауын ашып, көрінгенге көзін тесіп, күндіз кетіп, түнде келіп жатса – АЗАБЫҢ!
Ұясынан ұшқан құсы ұясына абыройлы қонса артындағы ата - анасына мерей.
Ал, оң босағада отырып қыз белгісін жоғалтып барса – арты үлкен дау, шатақ. Тіпті ондай абыройсыз қызды атқа теріс мінгізіп төркініне әкеліп тастаған оқиғалар да кездескен. Бүкіл ауыл ұяттан бетімен жер басқан. Сүйекке сын деген осы!
Қыз Жібек пен Баян сұлудың қазіргі сіңлілері не күйде? (Қазақ қыздарының суреттерінен слайдтар)
Қымызды кім ішпейді, қызға кім қырындамайды? Қырындады екен деп кез - келген ортада қылымси қалу – қыздың соры.
Жер - жерде жезөкшелік өршіп барады. Себебін сұрасаң жұмыссыздыққа саяды. Бұл – қате ұғым. Абыройын сатып тамақ асырағанша көшеге шығып қара су сат – сол зейнет. Бұл дерт асқына берсе, ұлттың болашағына төнген қатер. Ұлтымыздың келешегі – бүгінгі қыз - келіншектердің қолында тұр(Слайдтар – жезөкшелік, нашақорлық, т. б).
Жақсы ұл – жақсы махаббаттан туады.
Күріш азса күрмек болады, әйел азса жүрдек болады.
Сенің ұятың – иісі қазағыңның намысы.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті (Слайдтар - Домалақ Ана, Айша - Бибі т. б).
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» - дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Қыз өсіру гүл өсірумен бірдей. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Қазақ қыздары осындай отбасылық тәрбиемен өсіп келді. Заман ағымына сай жан - жақты білім беретін, әртүрлі мамандықтарға үйрететін, өз бойындағы өнерін өрістететін мемлекеттік тәрбие алуға қазақ қыздарының қолы ХХ хасырдың орта кезінде ғана жетті. 1944 жылы Алматы қаласында қазақ қыздарына арналған мемлекеттік педагогикалық институт ашылды. Бұл институт алғашында өз қыздарын жақсы келін болуға тәрбиелеп оқытса, кейіннен әр саладағы жақсы мамандар болуға тәрбиелейтін оқу орны болды(Слайд - Қыздар педагогикалық институтының тыныс тіршілігінен көріністер).
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ, тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Ұлттық сана - сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан мәдени мұрамызды жоғалтып алған жоқпыз ба? (Слайдтар - Тәуелсіздік беттерінен).
Осы орайда – болашақ сүйікті жар, ардақты - ана – қыз баланың алар орны жоғалып бара жатқан жоқ па?
Ән: Қазақ қыздары

Пікірталас сұрақтары (слайдталған):
1. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамда тәуелсіз, еркін елміз, осы заманның даму үрдісі қыздарға қалай әсер етуде?
2. «Ертеңін ойлаған ел азбайды». Жылдан - жылға жезөкшелікпен айналысатын қыздар неге көбеюде?
3. Қаракөз қыздарымызды жаман істерге жетелейтін не нәрсе?
4. Ел болашағы – жастар, ал қазіргі жас қыздарымыз батыстың жат қылықтарына неге әуес? Қыздарымызды осы апаттардан қалай аман сақтап қаламыз?
5. Кей - кейде, қызды - жеңге бұзып, жеңгені – теңге бұзып жататын жайттарды да естіп қаламыз. Сенің көзқарасың қандай?
6. Ұлттық намы – ұлттың тірегі. Қазіргі таңда қазақ қыздары ұлттық намысты бағалап жүр ме? Қазіргі қазақ қыздары намыстарын (арларын) жоғалтып алған жоқ па? Қалай ойлайсыз?
7. Тән сұлулығы мен жан сұлулығын айыра білесіңдер ме?(Д. Матайқызы «Айналайындарым менің...»кітабының 49 және 50 - беттері).
(Пікірталасқа 8 - 11 - сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері, тәрбиешілер, ата - аналар қатысты. Пікірталас сұрақтарының арасында аналар, қыздар жайлы қара өлеңдерден үзінділер келтіруге немесе оқуға болады. Ол жетекшінің ұйымдастырушылық шеберлігіне байланысты).
Шындығына келгенде бала тәрбиесі – жаумен арпалысып, елді қорғаумен тең жұмыс болып кетті. Қазіргі жастардың, сонымен бірге қыз балаларды бағып - қағу қиынның қиыны.
Кезінде Шортанбай Қанайұлының:
Шынарға біткен мақтадай,
Шырайлы болса алғаның.
Адал сүт емген жолықса,
Болар ма еді арманың?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Қыз, ұяты, Ұлттың, шырайы, халықтың
Просмотров: 392 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar