Қыз өссе-елдің көркі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Қыз өссе-елдің көркі
24.09.2015, 13:50
Бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна

Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі»
Мақсаты:
а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
ә) Балалардың өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге, бір - бірін сыйлауға, жеті аталарын білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
б) салт - дәстүрді құрметтеуге ақыл - ойларын, әдет - ғұрпын, ауыз - әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту.
Көрнекілігі: Қыз баласының тәрбиесіне байланысты мақал - мәтелдер, магнитофон, шар, плакаттар.

Сабақтың жүргізілу барысы:
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Ана, бала көзінің ақ пен қарасы,
Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары, санасы.

2 - жүргізуші: Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, ал оқушыларымызға оқуда озат болуларына тілектеспіз!
Қыздар деген қызыл гүл ғой
Өсіп тұрған бақтағы
Қыздар деген қазақтың, асыл арман ақ таңы!
1 - жүргізуші: Аңсап келіп алыстан мекен жайды,
Туған жерге бозторғай құшақ жайды.
Қуанышпен ән салып шартарапқа,
Көркін жырлап көктемнің қалықтайды.
2 - жүргізуші: Қыздар, қыздар, қыздар - ай,
Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып.
Самал тербеп көк майса құлпырады,
Табиғаттың тұрғандай нұры тасып.
- дегендей бүгінгі 4 «Г» сыныбында қыздар арасында өтетін «Қыз өссе - елдің көркі» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші: Арулар - асыл жандар,
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар - асыл жандар,
Арулар - асыл жарлар.
2 - жүргізуші: Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қам, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.
1 - жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы сай келетін,
Сыныптас дос, Ақерке де ортамызда!
2 - жүргізуші: Көрікті де, сымбатты,
Дильназ біздің әдемі.
Намысын қорғап бүгінде,
Қыз сынына келіпті.
1 - жүргізуші: Мадина біздің өнерлі,
Көңілді өмір сүреді.
Қыз сынындай сайысқа,
Алып келді өнерін.
2 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі бізде Мөлдір,
Көрінген күштің басынан.
1 - жүргізуші: Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты
Ортада Фариза қыз,
Жарысты бүгін жалғапты.
2 - жүргізуші: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәріде арманына қолын созар.
Арманың орындалсын, Азиза сенің,
Бұйырса бақыт құсы саған қонар.
1 - жүргізуші: Сабағын жақсы оқиды,
Көңілге бәрін тоқиды.
Үндемей жүрген Гүлназым,
Нені ойлап толқиды?
2 - жүргізуші: Бүгінгі ұл - ертеңгі – әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсат. Сондықтан да осы тәрбие сағатына дайындық барысында қыздарымыз көп оқып, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймыз.
1 - жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруларға
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Ару қызды таңдап бүгін алайық.
Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар:
1. 3.
2. 4.
2 - жүргізуші: енді қыздарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1 - сайыс: «Мен қазақ қызымын»- өз»н - өзі таныстыру.
2 - сайыс: Үй тапсырмасы «Салт - дәстүр». Бұл кезде әрбір сайыскер салт - дәстүрдің бірін көрініс түрінде көрсетеді. Сондай - ақ «Ас адамның арқауы»- ұлттық тағам түрін дайындауы керек.
3 - сайыс: «Таң қалмаңыз», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таң қалдырарлықтай сыйлығын ұсынады.
4 - сайыс: «Сән үлгісі»
5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
1 - жүргізуші: Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2 - жүргізуші: Бүгінде озық дәстүр, салт - сананың,
Берік ұстап сүйетін, от панасын
Арулар өтсін өзін таныстырып,
Қуантып, жолдас - жора, ата - анасын.
Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: Қыздарымызды келесі сайысқа дайындалуларын сұрап, қошеметпен шығарып салайық.
1 - жүргізуші: Тұңғышпаев Азаматтың орындауын «Анашым» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші: Үй тапсырмасы. Салт - дәстүрді қаншалықты меңгергенін білу үшін бірінші сайыскеріміз Абдыбек Ақеркені шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: Жұмабекова Жанботаның орындауындағы шығарманы тамашалайық.
1 - жүргізуші: 3 - сайыс «Таң қалмаңыз!», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таңқалдырарлықтай сыйлығын ұсынады.
Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы

2 - жүргізуші: 4 - сайыс: «Сән үлгісі»

2 - жүргізуші: 5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз.
2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы
2 - жүргізуші: Тұңғышпаев Азаматтың орындауын «Балдырған» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар
1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Қыздар сыны мінекей,
Келіп жетті мәреге
- дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.
2 - жүргізуші: Біздің қыздар ақылды да қайратты,
Өнерлі де – білімді
Осымен «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: өссе-елдің, Қыз, көркі
Просмотров: 236 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar