Өз Отаным туған жерім - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өз Отаным туған жерім
24.09.2015, 11:01
Тақырыбы: "Өз Отаның - туған жерің»

Мақсаты: Оқушылар бойындағы патриоттық сезімін нығайту. Өз Отанын, туған жерін сүюге, құрметтеуге тарихын жетік білуге меңгерту.

Кіріспе: Тарихтан белгілі
Мен оны қайталап жатпаймын
Қуантқан жарлыны, шерліні
Отаным Қазақстан
Мен әрқашан мақтаймын, - деп Мұқағали ағамыз жырлағандай өз туған Республикамыздың туған күніне арнаған «Өз Отаның - туған жерің» деп аталатын тәрбие сағатымызды көруге шақырамыз.

Ортаға 6 - 7 оқушы шығады.
Отан дегеніміз не сонда?
Отан меніңше орман, жоқ
Отан меніңше таулар, жоқ - жоқ
Отан мен білсем анамыз,
Отан ол ма, ол нанымыз деп дауласып жатқанда келесі оқушы
«Ей, не деп шуласып жатырсыңдар?»
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, ата мекені, өз елі ғой. Ал біздің туған өлкеміз Атырау қаласы. Бұл қала мұнаймен дүниежүзіне танымал. Атырау өлкесіне көршілес жатқан көне қала бар. Бұның аты Сарайшық деп аталады. Тау шайқалса да, тарих шайқалмайды деген екен. Сол тарихи көне қалаға Білім кемесімен саяхат жасайық. Жол қысқару үшін әңгіме айтып отырайық деп, сөзді өзімізбен бірге келе жатқан атайға берейік деймін. (бір оқушы үлкен кісіше киінеді. Иә, балалар әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі қымбат ештеңе жоқ. Өйткені, сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Біз қазақпыз, біздің өз тіліміз, салтымыз бар. Бұл шежірелі әрине, Сарайшық деген атпен қазір белгілі болып отырған тарихи қаладан бастаған орынды. Ал, енді балалар білгендеріңді ортаға айтып әңгімелеңдер.
1 - оқушы: Қаланың орынындағы бүгінгі ауылға бара қалсаңыз, ұсақ қыш қалдықтарын кездестіреміз. Олардың арасынан су құюға арналған көк қыштар және жай қызғылт түсті қыш ыдыс сынықтары кездеседі. Әсіресе, жауыннан кейінгі күндерде күйдірілген қызыл кірпіш анық байқалады. Тіпті, Алтын Орда теңгесі табылған екен.
2 - оқушы: О, менің туған далам, нұрлы далам Шаттықтың ұясысың бұлжымаған. Айтшы бір білмейтін бір жан сырыңды Мен оны көңіліме сыр қып алам.
3 - оқушы: Ата, мына Сарайшық қаласы қай кезде пайда болған?
Атай: XIV ғасырдың алғашқы жартысынан бастап.
Атай: Балалар, қараңдаршы, Сарайшық қаласы ежелден қалған көне қала кезінде сауда орталығы болған.
4 - оқушы: Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ - ғалымы, саяхатшысы Ибн - Батута.
5 - оқушы: Археологиялық қазба бұйымдар кезінде Сарайшықта тамақ үлкен ыдыстармен берілгеннен, ал ыдыстар өсімдік пен ақ пішіндес көптеген оюлармен кескінделгенін аңғартады. Ыдыстардың түбінде әдетте, лала гүлі немесе жүзіп бара жатқан аққу суреттері көрінеді.

Ән. «Туған жер».
6 - оқушы: Тиын ақшалардың көптен табылуы. Мұнда сауданың қызу болғандығын және Қырым, Еділ бойы және Хорезм қалаларымен сауда байланыстары жасалғанын білдіреді.
7 - оқушы: Жәнібек жақсы жасақталған әскерімен Азербайжанға дейін жетіп, Мәлік - Шәріпті жеңіліске ұшыратты. Өз ұлы Бердібекті билеушілікке қалдырып, ол жеңіске жетіп, астанаға оралды.
8 - оқушы: Жәнібек - 1341 жылдан 1360 жылға дейін жиырма жылдай билік етті. Жәнібек қайтыс болғаннан кейін билік оның ұлы Бердібекке көшті. Ол қатыгез билеуші болды. Өзінің тақ билігін сақтау мақсатымен Бердібек барлық туыстарын қырғынға ұшыратты. Бірақ өзі де ұзаққа бармай небары екі - ақ жыл хандық кұрды. 1362 жылы қайтыс болды.
Атай, қараңызшы, мына хандар пантеонында үлкен тал байланды көмілген екен. Бұл талдың тұру сырын білесің бе?
Атай: Иә, балаларым бұның тұру себебі бар. Рұқсат болса айтайын. - Айтыңыз, атай, айтыңыз.
Сарайшық деген елді мекенде жастар өлімі көп болған екен. Содан елдің бір қариясы емшіге барып сұрап, әңгімелесіпті. Содан ол адам айтқан екен. - мына далалықта тал бар екен, ол қарапайым емес, қасиеті бар тал. Сол талды өсіп тұрған жерінен алып, осы пантеонға әкелсеңіздер жастар өлімі тыйылады депті. Содан қария іздеп таба алмаған екен. Бір күні қойшы бала, қой бағып жүріп бір талдың астына қояндар кіргенін көріп барса, ештеңе көрінбепті. Содан елге бала айтып келеді. Үлкендер барып талды қазып, жеті ханға арналып құлпы тас қылған пантеонға әкеліп көшіріп қойған. Ақ қоян дегеніміз аруақтар екен. Содан кейін жастар өлімі сап тыйылыпты. Сол талды қолдарыңызбен сипасаңыз, армандарың орындалады дейді.
9 - оқушы: 1396 жылы Сарайшықты Ақсақ Темір тонаушылыққа ұшыратып, талқандайды. Ибн Арабшах Темірдің Алтын Орданы талқандағанын сипаттай келіп, тонап алғандарының бәрін жинап, олжаға батты, қаланы әбден тонауға және халықты тұтқындауға руқсат берді. Теңдесі жоқ қырып - жою, зорлық - зомбылық жасалады, көп тайпаларды жойып жіберді. Ол Сарай, сарайшық, Қожытарқан және басқа да өлке қалаларын түгел қиратты деп жазады.
Би. «Қазақ биі»
10 - оқушы: Кейін 11 - 12 ғасырларда бұл байланыстың ауқымы кеңейіп күллі Орта Азиямен Маңғыстауды қамтиды. Алайда, 13 ғасырдың басында басталған монголдар шапқыншылығын бұл байланысты бұзды. 1236 жылы Бату хан бастаған монғол шапқыншылары бүкіл Атырау өңірін өз қолдарына қаратып Европаға жол ашты.
Ата Сарайшық қаласының дәуірін неше кезеңге бөлуге болады. Бұны үш кезеңге бөлеміз.
I кезең: 11 - 12 ғасырлар яғни монғол үстемдігіне дейінгі кезең.
1І кезең: 13 - 14 ғасырлар Алтын Орданың өктемдік еткен мезгілі.
III кезең: 15 - 16 ғасырлар немесе ноғайлар дәуірі.

11 - оқушы: Ақырында 1580 жылы олар қамсыз жатқан Сарайшық қаласына басып кіріп өртеп жіберген соң, сол өңірге ара тұра билігін жүргізе бастады. Қазақ - орыстар патша өкіметінің сенімді тірегіне айналды.
12 - оқушы: Хандар пантеоны бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасында Сарайшықта жерленген 7 ханға арнап кұлпытастар қойылған.
13 - оқушы: Мешіттің ұзындығы 13 м, ені 6 м 50 см мешіттің іші толықтай жасақталған. Михраб, минбарлар қойылған мешіт ішінде кұран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.
14 - оқушы: Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған XIV ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасалған.
Әрине, солай өзінің кіндік қаны тамған Дамбы жерін, Атырау өлкесінің байлығы мұнайы мен балығын неге айтпасқа. Каспий теңізіндегі әсем аққулар көз тартпай ма? (Атырау байлығын көрсету).
Әсемдігі арайлы
Шетелдіктер қарайды
Атырауды мұнайдың
Астанасы санайды.
Астана деп аталған
Мұнайлы ел Атырау.
Аруақтардан бата алған
Туған жерім Атырау!
Ән. «Атырау».
Ал, балалар енді Білім кемесімен кейін қайтайық. Уақыт болса біраз жерге барып қалды. Сонымен балалар бүгінгі тәрбие сағатында туған жерім көне тарихи мекен Сарайшық туралы өзімізге керекті мағлұматтар алдық.
Енді саяхаттан оралғаннан кейін оқушылардың алған әсерлерін жазба қағаз бетіне әңгімелеп жазуға тапсырма бердім. Уақыт бөліп белгіленген уақыттан кейін оқушылардың әңгімесін оқытып тыңдадым. Содан соң жеке баланың оқыған әңгімесіне байланысты қосар пікірін ортақтасып сұрадық.
Одан кейін мұғалім тұрғысына олардың ойынына қосарым сауалнама ретінде мынадай сұрақтар бердім. Сауалнама тексті төмендегіше болды.
ТЕСТ
1. Сарайшық қаласының дәуірі неше кезеңнен тұрады:
А) 2 Ә) 4 Б) 7 В) 3

2. Хандар пантионның биіктігі
А) 17м
Ә) 7м
Б) 10м
В) 16м

3. Сарайшық қаласының мешітінің ұзындығы
А) 13 м, ені 6 м 50 см
Ә) 12 м, ені 7 м 80 см
Б) 10 м, ені 4 м 60 см
В) 13 м, ені 5 м 70 см

4. Жәнібек неше жыл билік жүргізді.
А) 21 Ә) 24 Б) 23 В) 20

5. Сарайшық қаласы қай кезден пайда болған?
А) ХІV
Ә) XI
Б) Х
В) ХІХ

6. Сарайшық қаласында хан қызына арналған көлді неше күнде ауыстырған?
А) 1
Ә) 4
Б) 7
В) 3
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Отаным, өз, жерім, Туған
Просмотров: 122 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar