Заңды білу -заман талабы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Заңды білу -заман талабы
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 09:40
Заңды білу - заман талабы
6 - 11 сыныптарға арналған ашық сабақ

Мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастырып, арттыру. Болашақта заңды құрметтейтін ҚР азаматын тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Жас ерекшеліктеріне сай оқу әдістерін қолдану;
• Бастауыш сыныпта құқықтық білімдерді интеграциялап оқыту;
• Негізгі сыныптарда құқықтық білімдерін адаптациялау;
• Жоғары сыныптарда негізгі білімдерін бекітіп, проблемалық сұрақтар арқылы өз интерпритациясын нақты жеткізуге тәрбиелеу.

«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.

Заң талаптарын бастауыш сыныптан жаңа келген балалардан бастап қолға алған жөн. Өйткені бұл -«заман талабы». Сондықтан кіші сыныптарда құқық сабағын ұтымды түсіндіру үшін сол жас ерекшелігіне сай оқу әдістерін қолдану керек. Яғни ауыр құқтық терминдермен емес, бала естіп үйренген қарапайым ой - тұжырымдар қолдану қажет. Мысалы, күнделікті балаға қызықты ертегі, мысалдар, әңгімелермен, ойындармен түсіндіру. Түсіндіріп қана қоймай жаңа техникалық жетістіктерді қосқанымыз (мультфильмдер, суреттер, 3D форматтағы видеолар) жөн. Визуальды түрде балаларға түсіндіріп, мультфильмдердегі кейіпкерлердің іс - әрекетеріне ассоциациялық, коннотациялық тұрғыда талқылау қажет.

Ертегі – баланы тәрбиелеуге арналса, сол тәрбие арқылы баланы жөнге салу, онын көзқарасын бағдарлау және ішкі әлемінен хабардар болуға болады. Ер Төстік ертегісінде балақайларымыз достықтың үлкен үлгісін көреді. Оған көмек қолын созған Көлтауысар мен Желаяқ секілді алыптардың еңбегі тек достықты ғана насихаттамайды, ерекше болмыстары арқылы баланың тапқырлық деңгейін де жоғарылатады. Ер Төстік бала жер бетінде көптеген патшалықтарды көрсе, жер астында да көптеген патшалықтардың қонағы болды. Бұл бала психологиясына Отан ұғымын сіңіреді, белгілі бір мемлекеттің заңнамаларына бағыну мәселесін ұғындырады.

Ертегіден үзінді: Хан қызының күйеу таңдауы немесе Күлше қыздың ханзада ұйымдастырған балға баруы – жасөспірімдердің ішкі процестік нүктелеріне әсер етіп, психологиялық аналитикалық сипатта жасөспірім жанына жайлылық беріп, ертегі соңында қас зұлымның қаза табуы, зәлім патшаның басы алынуы, айдаһардың өлуі секілді жамандық атаулының келмеске кетуі – баланың бойындағы соқыр агрессиялық күштерді жойып, жақсылық бағытын таңдауына себепкер болады. Ертегінің әсер етуі – оның қабылдануына да байланысты, сондай - ақ, ертегінің берілу формасы көріністік жағдайда сенсорлы түрде санаға жетсе, баяндаушылық немесе кітапқа көз жүгіру арқылы ақпарат алуда коммуникациялық үлгіде ойға тоқылады. Бала санасын жетілдіруде ертегі секілді лингвистикалық бағдарламалардың өтімділігі зор.

Орыс халқының балалар жазушысы Андрей Усачев «Кішкентай адамның басынан кешкендері» атты құқықтық тәрбиеге арналған ертегісін кішкентай оқырманға түсінікті болу үшін бала тілімен жазған. Аталған ертегінің үзіндісін сабақ барысында қолдануға болады.
Баяғыда кішкентай адам өмір сүріпті. Оны ешкімде көзге ілмейді екен. Тіпті бақшаны күтіп - баптағанда гүлдің арасынан көрмей таптап кете беретін.

- Сендер не істеп жатсыздар? Өтінем, абай болыңыздаршы - деп жан даусымен айқайлайды. Бірақ үлкен адамдар көңіл аудармай, әрі қарай өз жұмыстарын жасай береді. Ашуланған кішкентай адам өзіне ит асырап, үйінің алдына байлап қояды. Иттің үргенінен адамдар сескеніп кішкентай адамға соқтығыса бермейтін болды. Сонда кішкентай адам: «неге адамдар тек үргеннен ғана қорқады, неге бір - бірін сыйламайды?»- деп ойланады.

Бір күні кішкентай адам жеке кітапханасынан бір кітап тауып алады. Кітап «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын. Онда адамдардың өз құқықтарын біліп, бір - біріне құрметпен қарау керек делінген. Кітап кішкентай адамға қатты ұнады. Бірақ кітап туралы қала тұрғындары ешқандай білмейтіндерін мәлімдейді.
- Қызық, үлкен адамдар сауатсыз екен - деп кішкентай адам таң болады.
- Бұл жағдайды тезірек түзету керек - дейді.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: -заман, білу, талабы, Заңды
Просмотров: 335 | Загрузок: 85 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar