Өзбек мәдениеті - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өзбек мәдениеті
24.09.2015, 12:56
Ақмола облысы,
Ерейментау ауданы, Малтабар орта мектебінің мұғалімі
Мукашева Айнур Жақияқызы
Тақырыбы: Өзбек мәдениеті
Мақсаты: Оқушыларды басқа ұлттың мәдениетін сыйлай білуге, құрметтей білуге үйрету; адамгершілікке баулу, этика - эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрлі емес ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: суреттер, шарлар, өзбек киімдері, бұйымдары, ұлттық тағамдары

Барысы:
І. Ұйымдастыру. Амандасу.
Хайрли кун! Устозля
Жүргізушілер:
Біздің өзбек диаспорасына қош келдіңіздер!
Арайлым:
Өзбектер (өз. О/zbek, О/zbeklar) – ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 - млн - дай адам. ТМД шеңберінде соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР - да, т. б. алыс шет елдерде де өмір сүреді.
Сұлтан:
2013 жыл 1 - сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 520 мыңға тарта өзбек тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. (87, 6 пайыз) Қазақстанда 81 дана өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет, журналдар шығарылады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді.
Арайлым:
Киім-кешектері: ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киеді. 19 - ғ - ң аяғы мен 20ғ - дың басында белге дейін келетін қамзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ - киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.
Сұлтан:
Өзбектердің дәстүрлі кәсібі – егіншілік, сауда және ұсталық, ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер. Ұсталықтың әр түрлі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару т. б.) дамыды.
Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы – палау. Басты сусыны – шай, көбіне көк шай.
Қазір өзбектердің 8 - наурыз мерекесі қарсанында аналарға арналған өлендерін тыңдаңыздар:
Айдос:
Оножоним
Шукур сенга Оллохим
Болдир менинг хаетим
Башимдаги гул тожим
Удир мененг Онажоним

Альмира:
Уйга борсам мени кутган
Мехирла багрига босган
Жилмай иб юзимдан урган
Райхон гулим Она жоним

Сымбат:
Дуне арман дунедур
Билмам, тушли, руедур
Мехманлари бир бирин
Кузларини уедир
Шохни хам, гадани хам
Бир йуида кур, бир жулда!
Бу дуненинг имлари
Хар иулдарур, хар иулда!

Аида:
Етмадим ман
Отам олис жойга кетди
Ойден онам ойга кетди,
Менинг кунглим найга кетди

Сұлтан:
Көрініс. Өзбек халқының қонақжайлылығы.
Арайлым:
Өзбек халқына тән қасиет олардың қонақжайлылығы. Өзбек халқында қонақ күту бәрінен де жоғары бағаланады. Қонақты күтпеу отбасын, туысқандарды, ауылыңды ұятқа қалдырумен тең. Қадірлі қонақты үй иесі есік алдынан тосып алады.
Тілеуберген үйдің иесі, Жансулу келіншегі. Айбек, Руслан, Ақбота қонақтар
Тілеуберген: - Ассалому - алакум!
Айбек: - Хайрли кун!
Ерлер ғана бірі - бірімен қол алысып амандасады. Қол алысу барысында бір - бірінің денсаулығын, жағдайларын сұрасады. Ал әйел адамдар сәл иіліп, оң қолдарын жүрекке қойып амандасады.
Тілеуберген: Яқин ва азиз қуноқ. Утириб олинг!

Сосын қонақтарды үйге кіргізіп дастархан басына отырғызады. Отағасы қонақтарды төр жаққа отырғызады. Кез келген отырыс шай ішуден басталып, шай ішумен аяқталады. Алғашында үстелге тәттілер қойылады. Соңынан өзбектердің ыстық тағамы палау қойылады.
Қонақтарға шай құяды. Дәстүр бойынша өзбек халқы шайды шамалап қана құяды екен. Қонақ неғұрлым сыйлы болса, соғұрлым оның кесесіндегі шайы да аз болады екен. Бұл салт - дәстүр былай түсіндіріледі: келген қонақ үй йесінен көбірек шай сұраса, жақсы ырым болып табылады. Бұл үйді сыйлаудың белгісі. Егер кесенің түбінде кішкене шай қалып қойса, оны төгіп, жаңа шай құйып беру керек екен.
Би. Өзбекше
Салт дәстүрі. Кураш (күрес)
Өзбек палуандарын ортаға шақырайық!
пародия. «Ялла» тобы. Шинури
Ән. Өзбек әні.
Сұлтан: Құрметті қонақтар! Бүгін біз дайындаған өзбек дастарханынан дәм алыңыздар!
Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Мәдениеті, Өзбек
Просмотров: 306 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar