Үздік жүргізуші, Үздік актер байқауы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Үздік жүргізуші, Үздік актер байқауы
24.09.2015, 15:20
"Үздік жүргізуші","Үздік актер" байқауы
1 - жүргізуші: Қайырлы кеш қадірменді, көрермендер!
2 - жүргізуші: үргізуші: Армысыздар құрметті, қонақтар!
1 - жүргізуші: Тұнғыш президент күніне орай өтіп жатқан іс - шаралар жалғасын табуда. Бүгін біз "Үздік жүргізуші", Үздік актер" байқауларын өткіземіз.
Бүгінгі сайыскерлеріміздің өнеріне әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырсақ:
-----------------------------------------
2 - жүргізуші: Олай болса, байқауымызды бастасақ.
1 - жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы
2 - жүргізуші: Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,
ОЛ - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі - надан
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы - деген Абай атамыздың сөзіне сүйенсек, өлеңде үлкен өнердің бірі, олай болса,"үздік жүргізуші " байқауын бастасақ.
1 - жүргізуші: Алдымен байқаудың шарттарымен таныстырып өтсек:
а. Сахнада өзін ұстауы
ә. Сөйлеу мәнері
б. Киім киісі,
7. Көрермендермен байланысы;
в. Тақырыптардан ауытқымау;
г. Айтылған ойдың бір арнаға тоғысуы.
2 - жүргізуші: Ортада 8 сынып оқушысы --------------------
"Сыр сұхбат" бағдарламасын жүргізбек.
1 - жүргізуші: Рахмет, Келесі 8 м сыныбы "Айгөлек" балалар мен жасөспірімдер байқауынан үзінді көрсетпек. Ендеше, ортада ----------------------------------
2 - жүргізуші: Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
- деп кезекті 9 сыныпқа берсек. Ортада "Сөнбес сәуле" бағдарламасымен Манатова Аяулым.

1 - жүргізуші: Естідім де сөзін ана тілімнің,
Бойым жылып лезде мен тірілдім.
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін,
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін.

2 - жүргізуші: Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ
Мен дайынмын өлуге де бүгін - ақ - өзінің ана тілінің қадір - қасиетін түсінген ақын сияқты біздің құрбыларымыз өз ана тілінде керемет сөйлеп, ұтымды ойларын жеткізіп жатқан сияқты, сіздер де байқап отырған шығарсыздар.
1 - жүргізуші: Олай болса ортада, 10 сынып оқушысы"Айтылмаған әңгіме" бағдарламасымен ------------------------------------
2 - жүргізуші: Келесі сынып 10 ә сынып оқушысы "Айтуға оңай" бағдарламасымен ----------------------
1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Келесі тапсырма: Мына жерден белгілі ақындардың өлеңдерін таңдап аласыздар. Сіздер өлеңді мәнерлеп оқып бересіздер.
Дайындалуға 3 минут.(әннен шашу, кезекпен оқиды)
2 - жүргізуші: Келесі байқауымыз"Үздік актер" байқауын бастасақ. Алдымен байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтсек.
1. Образға ену.
2. Дауыс ырғағы.
1 жүргізуші: 3. Сахнадағы еркіндік.
2 - жүргізуші: Көрерменге әсері.
1 - жүргізуші: Өзін - өзі ұстай білу мәдениеті
1 - жүргізуші: ортада 8 а сынып оқушысы ----------------------
2 - жүргізуші: Рахмет, ортада 8 м сынып оқушысы
1 - жүргізуші: келесі сайыскеріміз 9 сыныптың оқушысы ---------------------
2 - жүргізуші: Ортада 10 а сынып оқушысы
1 - жүргізуші: Келесі актеріміз 10 ә сынып оқушысы ------------------------------
2 - жүргізуші: Қазір барлық сайыскерлерімізді ортаға шақырсақ.
Қазір сайыскерлеріміз дайындалған тапсырмаларды алып орындайды, дайындалуға 3 мин уақыт беріледі. (Муз. номер).
1 - жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры ----------------------- на береміз.
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін айтса
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: байқауы, актер, Үздік, жүргізуші
Просмотров: 174 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar