«Зерде» интеллектуалды ойыны - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

«Зерде» интеллектуалды ойыны
24.09.2015, 09:24
«Зерде» интеллектуалды ойыны (2 - класс)
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Көреніліктері: слайд - презентация, т, б.

Сабақтың мазмұны:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 2 - сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін «Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезең бойынша қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем берді ұландарға талапкер,
Дос көңілмен адал, аппақ ниетпен.

ІІ Таныстыру
- Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:
1 - топ «Тұлпар»
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз,
Озып алға шығамыз

2 - топ «Қырандар»
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың
Ұлы - қызы боламыз!
Ұраны: Алға, тек, алға!
Жеңіске қарай самға.

Мұғалім: Әділ - қазы алқасымен таныс болайық.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сынды.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына.
1. Құрақбаева Маржан апай
2. Асылбекова Назгүл апай
3. Баймаханова Тынымгүл апай.
- Олай болса сайысымызды бастайық.

1 - айналым «Білгенге маржан»
Топтарға оқу бағдарламасы аясында әзірленген 9 ұяшықтан сұрақ қойылады. Сұрақтарды ұяшықтар арқылы таңдайды. 1 ұяшықта 3 сұрақ беріледі. Әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі пәндері бойынша Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
1. Абылай ханның шын есімі кім? (Әбілмансұр)
Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
«Орман емшісі» қандай құс? (Тоқылдық)
2. Өмірде болған адамдардың басынан өткен шығарма қалай аталады? (аңыз)
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2, жуан - жіңішке)
Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. (тұсбағдар)
3. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер? (М. Мақатаев)
Түбір сөзге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады? (жұрнақ)
Судың неше күйі бар? (3 күйі: су, бу, мұз)
4. М. Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін есіңе түсір. Бала Абайға бата берген кім? (Барлас ақын)
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтті?)
Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады? (топырақ)
5. «Әлде бөпем» деген сөзі бар жыр қалай аталады? (бесік жыры)
Сын есім қай сөз табымен байланысады? (зат есім)
Өсімдіктердің топтарын ата. (ағаш, бұта, шөп)
6. «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге қатысты айтылған? (Райымбек батырға)
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (неше? қанша? нешінші?)
Ауаның негізгі қасиеттері. (көзге көрінбейді, түссіз, дәмсіз)
7. Баларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай аталады? (Кел, балалар, оқылық)
Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. (Етістік)
Тірі табиғатты ата. (адам, өсімдік, жануар)
8. Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім? (М. Әуезов)
Есту мүшесін ата. (құлақ)
9. Жеті атаңды білу қажеттілігі туралы қай шығармада айтылған? (Б. Момышұлы. Ұшқан ұя)
Адамдар балыққа қарап нені ойлап тапқан? (қайық)
Сөз кезегі әділқазыларда. Бірінші айналымның қорытындысы.
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма қыранға
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.

2 - айналым «Сөз ойла, тез ойла»
Екінші кезеңде топтарға қазақ алфавитіндегі кезкелген әріп беріледі. Топтар 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздерді ақ параққа жазуы тиіс. Адам аттары мен жер - су, қала атаулары есепке алынбайды. Сөздер қайталанса есептелмейді. Нәтижесінде, барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.

3 - айналым «Ойлан тап» деп аталады. Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – математикалық жұмбақтарды дұрыс шешу. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Тұлпарлар» тобына
Бір - бірмен жарысқан
Төрт аю, бір арыста,
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі неше кім білді? (сегіз)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым,
Есептеші қанша болды
Сонда бәрі? (алтау)
«Қырандар» тобына
Табақта бес өрік
Қолымда төрт өрік
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (тоғыз)
Үш бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Айнашқа
Қалады сонда қанша алма. (14)

4 - айналым «Ханталапай» деп аталады. Бұл ойынның шарты тиісті амал таңбаларын дұрыс қою. Тапсырмаларды асықтар арқылы арқылы таңдайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

5 - айналым «Сөзден сөз тер». Топтар ребусты дұрыс шешуі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.

6 - айналым «Ұйқасын тап». Бұл ойынның шарты өлеңнің ұйқасын табу. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады.
Білімнің алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына
Бүгінгі сайысымыз аяқталады,
Сөз кезегі қазылар алқасында
Бүгінгі сайысымыз қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы марапаттау қағазын табыстайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: интеллектуалды, ойыны, «Зерде»
Просмотров: 318 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar