Өзге емес, өзім айтам өз жайымды - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды
24.09.2015, 15:19
Тақырыбы: Өзге емес, өзім айтам өз жайымды
(Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған сабақ)
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы мәлімет беру; өлеңдерімен таныстыру;
Оқушыларды көркем әдебиетке баулу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, тақырыптық слайд.
Құрал - жабдығы: интерактивті тақта.

ӨТУ БАРЫСЫ
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың қонақтары!
Қазақтың біртауар ақыны Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналып өткізгелі отырған «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» атты әдеби - танымдық сабағымызға қош келдіңіздер.
2 - жүргізуші: Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген.

1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп - интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал - дәрігерлік техникумында оқиды.
Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр группасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері
Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.

1936 - 1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.
1 - жүргізуші: 1939 - 1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Нар тәуекел", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі.
Қасым қалың жұртшылыққа өзінің туған жерін көркемдеп жарлауымен де танылған.
1 - оқушы: Атамекен
Сүйем сені туған ел – атамекен.
Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Асан қайғы емеспін, Қасыммын мен,
Қобызымен сырласып, күңіренген.
Іздеймін мен «Жерұйық» көр басында,
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін.
«Еркелеме, ей жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін, осы сертім.

2 - оқушы: Сарыарқа
Сарыарқа сап - сары алтын жүзген нұрға,
Қоналқы мекен болған сан ғасырға.
Сайран тау, самал жайлау, сырайлы өзен
Лебімен алар тартып, шықсаң қырға.
Көтеріп ән мен жырдың күй қанаты,
Жүрегің ұшар құс боп аспаныңда.
Әлемнің саған ауып махаббаты,
Сарыарқа орнар сенің жас жаныңда.
Жұбанып сол Сарыарқа құшағында,
Есімде ойнағаным жас шағымда.
Жетімдік жалбыр тонын жерге соғып,
Құмартып ауған бұлтқа, алыс шыңға.
Арқа ару, ашып нұрлы кү бетіңді,
Ойнатып, еркелетіп мен жетімді.
Аулақтап сұр бейіттен әкетуші ең,
Не дермін, сенің сол бір құдіретіңді?
Сарыарқа сағындырдың атамекен,
Сардала анам едің, құшағың кең.
Тұсыңнан тоқтай алмай бара өтіп,
Артта – сен, алда – майдан қайтсем екен?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Өзге, айтам, емес, өз, жайымды, өзім
Просмотров: 150 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar