Жүйрік болсаң, озып көр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүйрік болсаң, озып көр
24.09.2015, 08:40
Біздің сыныптың бір жылдығы «15 мамыр – Халықаралық Отбасы» күні аясында «Ұлттық, адамгершілік және рухани құндылықтарды тәрбиелік шаралар арқылы насихаттаудағы сынып жетекшінің рөлі» бағытында 4 сыныбында сынып жетекшісі Гульнур Козыбаеваның
ұйымдастыруымен өткен «Жүйрік болсаң, озып көр» атты тәрбиелік іс - шараның әзірлемесі

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан - жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, үнтаспа, көрме материалдары, портфолиолар, баннерлер, буклеттер.

Барысы
Мұғалім.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! 2013 - 2014 оқу жылын қорытындылау мақсатында өткелі отырған Біздің сыныптың бір жылдығы, «15 мамыр – Халықаралық Отбасы» күні аясында «Ұлттық, адамгершілік және рухани құндылықтарды тәрбиелік шаралар арқылы насихаттаудағы сынып жетекшінің рөлі» бағытында ұйымдастырылып отырған «Жүйрік болсаң, озып көр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата - аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сайыста 3 тап сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Ойын 6 бөлімнен тұрады
І. Жедел жауап
ІІ. Тіл - өнер
ІІІ. Бәрін білгім келеді
ІV. Қызықты ұйқастар
V. Мықты болсаң, тауып көр
VІ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

І топ: «Жас қыран»
Ұраны:
ІІ топ «Болашақ»
Ұраны:
ІІІ топ «Бірлік»
Ұраны: «Бірлікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Бұл топтардың ерекшелігі тек оқушылар емес, ата - аналар мен бірлеседі. Ол үшін ата - ана қолындағы қағаздың ішіндегі фигуралар бойынша жайғасады. ( - І топ, - ІІ топ, - ІІІ топқа жайғасасыздар)
Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетсе, ата - аналар баласына қаншалықты қамқор бола алатынын көрсетеді.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

Ал, қанекей, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп сайысымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.

І бөлім: Жедел жауап
Бұл бөлімде әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топқа:
1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5. 1 - маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
6. ССРО - Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
ІІ. топқа:
1. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
2. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
3. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
4. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
5. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
6. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1 - желтоқсан)
IІІ. топқа:
1. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
2. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
3. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
4. 6 - шілде қандай мереке? (Астана күні)
5. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
6. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

ІІ бөлім: Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 2 ұпай беріледі.
І топқа:
1. Ең тәтті де тіл,... (ең ащы да тіл)
2. Оқу - білім бұлағы,... (білім - өмір шырағы)
3. Өнер алды... (қызыл тіл)
4. Атаға қарап....( ұл өсер), анаға қарап...(қыз өсер)
5. Ананың көңілі балада...( баланың көңілі далада)
6. Ата - ананың қадірін...(балалы болғанда білерсің)
ІІ топқа:
1. Ашу - дұшпан,... (ақыл - дос)
2. Тіл қылыштан... (да өткір)
3. Отан... (оттан да ыстық)
4. Атаның баласы болма...(адамның баласы бол)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6. Баланың жақсысы қызық... (жаманы күйік)
ІІІ топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам -... (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады,... ( елі үшін өледі)
4. Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің)
5. Балалы үй - базар,... (баласыз үй - мазар)
6. Қыз елдің көркі,... (гүл жердің көркі)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: болсаң, жүйрік, көр, озып
Просмотров: 285 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar