Жұмақ мекен - туған жер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жұмақ мекен - туған жер
24.09.2015, 12:16
Сабақтың тақырыбы: "Жұмақ мекен - туған жер"

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Отан, туған жеріміз - Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
Сабақтың әдісі: әдеби - монтаж, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: "Маңғыстау маңғаздары" Маңғыстау атласы,
С. Назарбекұлының 3 томдық жинағы, интер. тақта, "Маңғыстау табиғаты"- ведиоролик

Сабақтың кезеңдері:
Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу. Сыр сандықтағы тапсырманы орындау
• 1 КЕЗЕҢ
- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен сөздер құрастырып Отан сөзіне тоқталу. Қазақстан, Отан, туралы ой - пікір. Ой қозғау стратегиясы
«Отан» деген сөз мағынасын ашу, балалар өз ойларын білдіреді.
Балалар жауабын қорытындылау

Аружан: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
Мирас:
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел
•Тақтадағы картамен жұмыс
1 - сыр сандықтың тапсырмасын ашу
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдерді құрастыру, мағынасын ашу.

2 - КЕЗЕҢ. - Ал енді балалар өзіміздің туған жеріміз, мекеніміз туралы не айта аламыз?
Мен Ақтауда туылдым. Менің туған жерім - Маңғыстау
Жұмақ мекен туған жерім - Маңғаз Маңғыстау, Ақ маржан қала Ақтау! Туған жерің бәрінен де ыстық. Тулаған теңізін айтсаңшы!!! Нағыз кереметтің өзі!
- Ал енді экранға назар аударайық
Маңғыстау туралы бейнефильм көру

2 - сыр сандықтың тапсырмасын ашу
Балаларға туған жердің табиғатын өз көзімен бейнелеу тапсырылады
3 - сыр сандықтың тапсырмасын ашу
- Өлкемізге белгілі атақты адамдарды білесің бе?
Балалар С. Адайдың Маңғыстау туралы өлеңінен үзінді оқиды
Нейля

Көк күмбез зерен - аспаның,
Көгілдір мәрмәр тастарың
Көңілде жүрген дастаным,
Маңғыстау – Жұмақ мекенім,
Маңғыстау - мәңгі дастаным.

- Балалар тағы да өлкемізге еңбегі сіңген атақты адамдарды білеміз бе?
• Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
Әбіш Кекілбаев аудармашы, қоғам қайраткері.
Еліміз сүйікті ұлын орынды мақтан етеді. Ол Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

С. Назарбеков туралы немересі Ділдә әңгімелеп береді.
Менің атам С. Назарбекұлы қазір 72 жаста. Ол қоғам қайраткері, драматург, сәулетші.
Маңғыстауда Абыл ақынға, Досан батырға күмбездер тұрғызды. Атырауда" Хан ордасы Сарыайшықты" Шыңғыстауда "Абай - Шәкәрім" кесенесін тұрғызған.
Маңғыстау драма театрында "Ақбөбек" "Ант" қойылымдары сахналанды. Атам барлық немерелерінің аттарын өзі қойды. Менің де атымды Ділдә деп атам қойды. Мен атамды мақтан етемін, атам сияқты мен де халқыма адал қызмет етемін.

4 - сыр сандықтың тапсырмасы
Маңғыстауым! Туған өлкем сен едің,
Өз елімде еркін өсіп келемін
Ата - баба аманатын арқалап
Туған жерді көркейтсем мен деп едім!
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: мекен, Жұмақ, Жер, Туған
Просмотров: 200 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar