Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау!
24.09.2015, 12:50
«Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау!»

Мақсаты: оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу.
Көрнекіліктері: Маңғыстау тарихы папкалар, буклеттер, электронды тақта, слайд «Маңғыстау - маңғаз мекенім» атты кітап көрмесі.
Барысы:
І. Таныстыру.
ІІ. Бәйге(сұрақ - жауап).
ІІІ. Кім шапшаң!
ІҮ Өлең шумақтарын жалғастыр.
Ү. Ұйқасын тап.
ҮІ. Сурет сыры.
ҮІІ. «Қазіргі таңда Маңғыстау экологиясы ойландыра ма? Сен не істей алар едің...»

Мұғалім: Армысыздар, ұстаздар қауымы!
21 - 30 қаңтар аралығындағы «Әлем. Ғылым. Табиғат» жаратылыстану пәндерінің апталығына орай 7, 8, 9 сыныптар арасындағы факультатив сабақ оқушылары қатынасып отырған «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Алдарыңызға Әлқуат Кама «Жер кіндігі атанған өлке» деп аталатын шығармасымен.
Алдарыңызға 7 сынып оқушысы Бөлекбай Жеңісгүл Маңғыстау ақын жазушыларының бір өлеңін мәнерлеп оқиды.
Шегебай Нұрай «Маңғыстау маңғаз далам» деген өлеңін оқиды.

Барысы:
І бөлім. Таныстыру.
«Отпан тау», «Желтау» топтары қатынасып отыр.

ІІ бөлім. «Бәйге» бөлімінің сұрақтары:
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан Маңғыстаулық бес батырды білесің бе?
(Жұмағали Қалдығараев, Мәди Бегенов, Біләл Қалиев, Кемер Оңғалбаев, Исатай Шахатұлы Сүйеубаев)
4.«Жалындап өткен жас ғұмыр» кітабының авторы кім? (Сейсен Демеубеав)
5. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
6.«Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Маңғыстау географиясы», «Есен - Қазақ» кітабының авторы кім? (Серікбол Қондыбаев).
7. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).
8. Қазақстанда Қызыл кітап қай жылы жарық көрді? (1978жылы)
9. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды? (Үстірт қорығы, 1984ж.)
10. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
11. Судың деңгейінен көтерілуі не деп аталады? ( тасқын)
12. Қазақстан қанша елмен шектеседі. Ол елдерді ата. (5 елмен, Ресей, Өзбекстен, Қырғызстан Қытай, Түрікменстан).
13. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
14. Ұзақ геологиялық уақыт ішінде үгітілудің нәтижесінде бұзылып, үстіңгі жағы тегістелген, биіктігі 200 - 600 м болатын жер бедерінің формасы (кэуст таулар).
15. Тектоникалық ойыстардың геологиялық уақыт ішінде шөгінді қабатпен толып, тегістелуінің нәтижесінде пайда болған жер бедері не деп аталады? (ойпаттар).
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).
17. Өлкенің негізі көп таралған жануарлары, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларын ата --- (қарақұйрық, үстірт қойы).
18. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)
19. Маңғыстаудағы қандай құстарды білесің? (қарлығаш, торғай, кептер, қарға, аққу, үйрек, шағала, шіл, бүркіт, жарқанат, қарабауыр).
20. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.

ІІІ бөлім. Кім шапшаң!
Қораптың ішінен әріп суырып, сол әріптен басталатын Маңғыстаудың жер - су аттарын айту.

ІҮ бөлім. Өлең шумақтарын жалғастыр.
Оқушылар өз таланттарына қарай өлең шумақтарын жалғастыру керек.
№1
Туған өлке, бар үмітім күтер алдан,
----------
Мен қалай туған жерді ұмытайын.
---------
№2
Туған жер мен өзіңмен өзектесіп
---------
Табанымда туған жер табы қалып,
----------
№3
Туған өлке бастауысың өнегенің

Қалайша ұмытамын мен анамның
---------
Ү бөлім. Ұйқасын тап.
Маңғыстауға қатысты өлең шумақтарының орны ауысқан, орын ауысқан сөздерден құрастырып, өлеңді дұрыстап оқу.
1. Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.

2. Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері7

ҮІ бөлім. Сурет сыры. 2 сурет беріледі, сол суретке шағын шығарма жазу.
ҮІІ бөлім.
«Қазіргі таңда Маңғыстау экологиясы ойландыра ма? Сен не істей алар едің...» 2 топқа да ортақ сұрақ. Топ мүшелері өз ойларын айту керек.

Қорытынды.
Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.
Маңғыстау - кім – кімді де қызықтырып, әкететін, терең тарихты өлке. «Жер шарының геологиялық тарихын білгіңіз келсе, Маңғыстауды бір рет көріңіз»,- деген Н. Андрусов.
К. Паустовский болса: «Маңғыстауға барған сапарымды жұлдызды өлкеге жасаған саяхат деуге болар еді. Мен еш жерде мұндай жұлдыздар нөсерін, олардың көз шаршатар жарқылын көргенім жоқ. Жұлдыздар Маңғыстауға ұшып келіп жатқандай сезіледі», деп бағалады. Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен», шытырман оқиғаға толы өңір. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Осы өлкенің өркендеп, одан әрі қанат жайып дамуына үлес қосу - бүгінгі біздер сіздердің міндетіміз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жұмбақ, Маңғыстау!, жайлап, өрген, Аңыз
Просмотров: 210 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar