ЖҚТБ - дан сақтанайық - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

ЖҚТБ - дан сақтанайық
24.09.2015, 11:44
Сабақтың тақырыбы: ЖҚТБ - дан сақтанайық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.
2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ - ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу.
Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.
3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.
Оқытудың техникалық құралдары және көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қосымша әдебиеттер, оқулық, маркер, ақ қағаз.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу

2. Оқушылардан жаңа тақырып бойынша жалпы бар білімін тексеру.
Сауалнама
Сіз ЖҚТБ - ауруы туралы не білесіз?
Ф. А. Ж.____________________________________________
Топ ___________________
№ Сұрақтар Ия, жоқ, білмеймін.
1 ЖҚТБ ауруы туралы түсінігіңіз бар ма?
2 ЖҚТБ жұқпалы ауруға жата ма?
3 Жынысына қарай үлкен - кіші демей ЖҚТБ жұқпалы ма?
4 ЖҚТБ жұғатын кезеңдер:
а. Жыныстық қатынаста.
б. Медициналық инені пайдалануда.
в. Қан ауыстырғанда.
г. Қолмен сәлемдесу.
д. Асхана ыдыстарын пайдаланғанда.
е. Көпшілік әжетханаға барғанда.
ж. Сілекей арқылы, түшкіргенде.
з. Көздің жасы арқылы.
и. Көпшілік орында шомылғанда.
й. Анасынан жаңа туған балаға.
к. Жезөкшемен кездескенде.
5 ЖҚТБ – ға қарсы уколмен салатын дәрі бар ма?
6 ЖҚТБ ауруын емдеуге бола ма?
7 АҚТҚ – жұқтырылған адам дайындаған тағамды ішуге болады ма?
8 ЖҚТБ – мен ауырған адамның бетінен сүю қауіпті ма?
9 АҚТҚ – ны жұқтыруға болады, егер мүшеқап пайдаланбай, тек бірақ қатынаста болсаң?
10 Мүшеқапты дұрыс пайдалану АҚТҚ – ны жыныс жолдар арқылы беруден құтылуға көмектеседі ма?

3. Жаңа білім беру.
• Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіре отырып және тақтаға жазады.
АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.
ВИЧ – вирус иммунодефицита человека.
ЖҚТБ – жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі.
СПИД – синдром приобретенного имунного дефицита.
ЖҚТБ алғаш рет 1981 жылы АҚШ – та тарай бастады, әсіресе ауруларды бақылау орталығы гомосексуалистер арасында ерекше инфекция санының көбеюін туғызды.
Осы уақытқа дейін бұл инфекция тек қана қорғау механизмдері онкоауруларымен зақымдалған немесе иммундық жүйені әлсірететін дәрілерді ішетін адамдарға ғана кездесетін.
Жаңа ауруды негізгі себебі иммундық жүйенің бұзылуы және жетпеуі екені, бұл жетіспеушілік вирус арқылы шақырылған, кейін бұл вирус АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы) деп аталды. Вирус 1983 жылы ашылды.
Бәлкім, АҚТҚ ғасырлар бойы қауіпсіз түрде өмір сүріп, тек жаңа қазіргі уақытта агрессивті жағдайға көшкен болар. ЖҚТБ - ні зерттеу әлі күнге дейін жалғасуда, бірақ ең маңыздысы мыналарды білу керек.
ЖҚТБ мәселелері әлі де бірнеше онжылдыққа дейін әлемде сақталады, тіпті оған керек вакцина немесе емдеу жолы табылса да.
АҚТҚ инфекциясын одан ары таратудан аулақ болу үшін жекеленген, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық дәрежеде бірқатар шаралар қолданылады.
АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.

Айырмашылығы
АҚТҚ ЖҚТБ
Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды. АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады. Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды. Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ – нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ЖҚТБ, сақтанайық, Дан
Просмотров: 221 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar