Жүзден жүйрік (интеллектуалдық ойын) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүзден жүйрік (интеллектуалдық ойын)
24.09.2015, 15:17
Жүзден жүйрік
Интеллектуалдық ойыны
1 - кезең
Бұл... Кім? Қашан?
1.”Вольт бағанасын” – электр тогының көзін кім және қашан жасап шығарды?
Жауабы: неміс физигі Алессандро Вольта, 1800 жылы.
2. Үш фазалы асинхронды қозғалтқышты кім және қашан ойлап тапты?
Жауабы: М. О. Доливо - Добровольский, 1889жылы.
3. Электромагниттік индукция құбылысын кім және қашан ашты?
Жауабы: М. Фарадей, 1831жылы
4. Электр шамын кім және қашан жасап шығарды?
Жауабы: А. Н. Лодыгин, 1870 жылы.
5. Трансформаторды кім және қашан ойлап шығарды?
Жауабы: П. Н. Яблочков, 1876 жылы.
6. Якоры айналатын асинхронды қозғалтқышты кім және қашан ойлап тапты?
7. Алғашқы фотоэлементті кім және қашан жасап шығарды?
Жауабы: А. Г. Столетов, 1888 жылы.
8. Электр доғасының құбылысын ашып, оны жарыққа, электрмен пісіруге және металдарды ерітуге пайдалану мүмкіндігін айтқан кім және қашан?
Жауабы: Академик В. В. Петров, 1807 жылы.
9. Сымсыз телеграф пен радио қабылдағышты кім және қашан жасап шығарды?
Жауабы: А. С. Попов, 1895 жылы.
10. Электр тізбегіне арналған екі заңды кім және қашан тағайындады?
Жауабы: Г. Кирхгоф, 1847 жылы.

2 - кезең «Көкпар»
1. Электр қозғалтқыш статоры мен роторы арасындағы саңылау қандай роль атқарады?
(Электромагниттік құйынды өріс туу үшін)
2. Қозғалмайтын зарядтар айналасында электр өрісі болады. Ал қозғалыстағы зарядтардың айналасында қандай өріс туады?
(Электромагниттік өріс)
3. 5А250М4 шартты белгіленуін оқып бер.
(5 - сериялы АҚ 250 - айналу осінің биіктігі, М - орнатылатын өлшемі бойынша тұрқының ұзындығы орташа, 4 – полюстер саны)
4. Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқышты желіге не себепті жүргізу реостатымен қосады?
(Қосу тогын азайту үшін)
5. Алюминий мен мыс өткізгіштің түйісу нүктесінде қандай зиянды процесс байқалады?
(Гальваникалық бу)
6. Тұрақты ток қозғалтқышының электр энергиясының біліктегі механикалық энергияға айналуын қай диаграмма көрсетеді?
(Энергетикалық диаграмма)
7. Электр қозғалтқыштың айналу бағытын өзгерту деген не және оны қалай жүзеге асырады?
(Оны реверсирлеу деп атайды, ол үшін кез келген үш фазаның орындарын ауыстырып қосса болғаны)
8. Асинхронды қозғалтқыштардың роторларын неге конструкциялық болаттан емес, электротехникалық
(Гистерезистен болатын құйынды ток шығынын азайту үшін өзара оқшауланған бөлек - бөлек электротехникалық
9. Қандай машиналарды синхронды деп атайды?
(Статордың магнит өрісі мен ротордың магнит өрістерінің айналу жиілігі бірдей машиналар)
10. Трансформатор қандай қызмет атқарады?
(Қуатты өзгертпей кернеуді түрлендіреді, таратады)

3 - кезең
Электротехникалық жұмбақтар
1. Электрге жоқ бөтенім,
Өткізгішті тесіп өтемін.
(Индукциялық ток)

2. Басқару мен қорғауды
Атқарамын зерекше.
Түрім де көп өзімнің,
Әсіресе “геркон” ерекше
(Реле)

3. Бір өзі атқарады үш қызметті,
Сен өзі білесің бе бұл кереметті?
(Авометр)

4. Желден, судан тоқтаусыз,
Өндірді ток, ол - даусыз.
(Генератор

5. Электрді өткіземін,
Токты алысқа жеткіземін.
(Өткізгіш)

6. ЭҚК мен кернеуді
Қай аспаппен өлшейді?
Білсең айтшы, қатесіз
Токты немен өлшейді?
(Вольтметр мен амперметр)

7. Әлемге әп сәт тарады,
Барлық іске жарады.
(Электр тогы)

8. Сақтанғанды сақтайды,
Сақ жүргенді жақтайды.
(Сақтандырғыш)

4 - кезең
“Мен таңдаған әлем”
Электр материалтану
Электр машиналары
Еңбек қорғау
Электр жарықтандыру
Электр техника
Электр жетегі
5 - кезең «Схемалар, сызбалар»

6 - кезең «Маманның кеңесі»
Жалғыз ағаш қана тұрған ашық алаңға найзағай түсті. Сол жерде металл арқанмен жетектеген күшігі және қолында ашық зонтигі бар адам келе жатыр еді. Адам өзін де, күшігін де найзағайдан аман алып қалуы үшін қандай кеңес берер едіңіз?

Егер найзағай түссе ағаштың астына тұруға болмайды. Жерге жатуға да болмайды, өйткені бас пен аяқ арасында өлімге апарар потенциалдар айырмасы туады. Тұру тағы қауіпті, сондықтан отыру керек, себебі басыңыз жерге барынша жақын болады, бірақ жермен жанасу ауданы өте аз: тізбек тұйықталмайды.
Ал, итті кішілеу болса тізеңізге алыңыз немесе босатып жіберіңіз. Себебі, найзағай жер бетімен таралып, иттің алдыңғы аяғынан кіріп, артқы аяғынан шығады. Ит зардап шегеді. Сіз итті ұстап тұрсаңыз металл арқан тізбекті ұзартады, яғни кернеу көбейеді.
Егер, киім мен денеңіз жаңбырдан су болса, разряд тогының көбі тек теріңіздің су қабатымен ғана өтіп кетеді де, денеңізге өтпейді.
Сонымен, найзағайдан қорғану үшін тізерлеп отырыңыз, күшікті алдыңызға алыңыз, зонтикті лақтырып тастаңыз.
Қорытынды

Презентациясын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жүзден, жүйрік, ойын), (интеллектуалдық
Просмотров: 155 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar