Жүзден жүйрік (интеллектуалдық сайыс) - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүзден жүйрік (интеллектуалдық сайыс)
24.09.2015, 10:24
8 - 9 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік»атты интеллектуалдық сайыс
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.(М. Әуезов)
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын күшті тындырар күшің барда.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің барда!

І - кезең“Шыңға шығу”
1. Көбею мүшелеріне нелер жатады? (Аталық пен аналық)
2. Көлемі ең үлкен көл? (Каспий)
3. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс? (Көл)
4. Көлдің теңізден айырмашылығы? (Оның мұхит пен байланысы жоқ)
5. Гүл формуласы дегеніміз не? (Гүл бөлімдерінің бас әріппен белгіленуі)
6. Көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы? (Жеміс)
7. Ең терең көл? ( Байкал көлі)
8. Қазақстан көлдерінің ірілері? (Каспий, Арал, Балқаш)
9. Жердің су қабығын не деп атаймыз? (Гидросфера)
10. Мұхит түбінде жер сілкінулер мен жанартаулар атқылауы әсерінен жылдам тарайтын күшті толқындар не деп аталады? (Цунами)

ІІ - Кезең“Сызықтық диктант”
“^” – дұрыс “-”- қате
1) Нашар піскен жеміс ұзақ сақталады
2 ) үсіген жемістердің дәмдік құндылығы артады
3) Пікен жемістің дәмдік сапасы жоғары, әрі тәтті
4) Шырынды жемістердің шырыны мол, әрі жұмсақ
5) Шіріген жемістер адам өмірін ұзартады
6) Жемістер хош иісті, әрі дәмді

ІІІ - Кезең “Аңыздар”
1. Тау перілері бұл гүлді күні – түні қорғап, ешкімге жұлғызбайды екен. Тек шынайы сүйген адамдарына бұл гүлді сыйға береді. Күрделігүлділер тұқымдасына жатады. Тау шыңында өседі, махаббат, бақыт, ерлік символы. Альпинисттер сайысында жеңіске жеткен жеңімпаздарды гүлдің алтын мүсінімен марапаттайды. (Еңлікгүл)
2. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жанаттан қуылған кезде күн суытып кетіп, Хауа ананы жылыту үшін бірнеше қар кристалдары гүлге айналыпты. Осыдан бері Гүл Үміт символы болып саналған. Дара жарнақтылар класына жатады. Ерте көктемде гүлдейді. (Бәйшешек)
3. Бұл өсімдік “1000 аурудың емі”деп саналады.
Бұл өсімдікті жинар алдында халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз “пәле - жаладан сақтасын”деп үйді осы өсімдік пен аластаған, көз тимесін деп іліп қойған (Адыраспан)

ІҮ - кезең “Өсімдік сырлары”
1. Бұл жыртқыш өсімдік фотосинтезден басқа бунақденелілермен қоректенеді. Әдемі түсі мен жағымды иісімен бунақденелілерді тартып, түрі өзгерген жапырақтары жәндіктер қонған кезде жабылып қалады. Бұл қандай өсімдік? (Шыбынжұт)
2. Бейнекөрініс бойынша өсімдікті ата, бейнеленген құбылысты ата? (Құтырған қияр)
3. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар.
Тұщы су қоймаларында мекендейді? (Кірпікшелі кебісше )
4. Бұл гүлдер ішіндегі ханшайымы. Шығыс елдерінде киелі гүл деп санаған. Гүлінің майы алтын мен бағаланған. Ең алғаш сәндік үшін өсіріле бастаған хош иісті гүл. Ежелгі римдіктер махаббат құдайы Афродитаға арнаған. (Раушан)
5. Бұл өсімдік Африка саванналарында өседі, діңінің жуандығы 10 метр. Құлқайырға өте ұқсас ағаш тектес өсімдік. Жемісі жеуге жарамды қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады. (Баобаб)

Ү - кезең “Жұмбақ жануар”
1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. Бұл қай құс? (Қораз)
2. Жыртқыш құс. Балық және кеміргіштермен қоректенеді. Бұл қай құс? (үкі)
3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. Бұл қай құс? (Киви)
4. Бұл тағңажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. Бұл қай жануар (Кенгуру)
5. Ең алып су жануары? Кит

ҮІ - Кезең“ Жұмбақ шешу”
1. Біреуін бердім оны тердім (Тұқым)
2. қар астында қыстады
Ақпен бөркін тыстады (Бәйшешек)
3. Бтағы ілген үлпершек
Іші нәрлі қызыл сөл
Теріп алып үлгерсек (Бүлдірген)
4. Саздауыт жерде өседі
Хош иісі аңқыған
Шипалы өсімдік деседі (Жалбыз)
5. Ақ сұңқар қашар жем үшін
Ер жігіт туар....... (Ел үшін)
6. қиядағыны қыран көреді
қиядағыны жылан........ (Көреді )
7. Жапалақ сипағанмен
Сұңқар....... (Болмас)
8. қыран құстың баласы
қашса келмес........ ( ұяға)
9. Аққу құссыз - көл жетім
Тыңдалмаған........ ( Сөз жетім)
10. құс қосағымен....... (ұя салады)
11. Құстың жайын............ (Салған білер)
ҮІІ - кезең“Бел асар”
1. Адам қолымен өсірілетін өсімдік? (Мәдени)
2. Ең ірі жеміс? (Асқабақ)
3. Ең тез өсетін өсімдік (Бамбук)
4. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым? (Микрология)
5. Органикалық тыңайтқыштарды ата? (көң, құс саңғырығы)
6. Тәлімбақ, жыланхана – (Жылан өсірілетін орын)
7. Жынысты көбеюге қандай жыныс жасушалар қатысады (аталық - аналық )
ұрықтану дегеніміз не?
(2 түрлі жасушалардың бір бірімен қосылып зигота түзілуі)
9. Суықтан да биіктен де қорықпай таудың ұшар басында өсетін өсімдік ( Еңлікгүл)
10. Даражарнақтыларға қандай өсімдіктер жатады (Бидай, арпа, тары, жүгері т. б )

Қорытынды
Марапаттаулар

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүйрік, (интеллектуалдық, Жүзден, сайыс)
Просмотров: 274 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar