Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
24.09.2015, 10:02
Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде.
Пән аралық байланыс: еңбек, қазақ тілі.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика – құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!
Балалар, қысқы каникул қызықты өтіп жатыр ма? Ендеше бүгінгі күніңіз одан да қызықты болмақ. Бүгінгі сабақ “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атты сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырсыздар.
1 - топ. Үшбұрыштылар.
2 - топ Шаршылар.
Әр топтың өз топ басшысы бар. Ол бірінші топта Ардан, екінші топта Ескендір. Алдымен әділқазылар алқасын сайлаймыз. Бұлар сіздер танитын апайлар. Төрешілер алқасын сайыстың шартымен танысады.
Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
• Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.
• Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3ұпай.
• Жауабы жоқ болса 0 ұпай.
• Тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Үй тапсырмасы.
3. Математикалық жұмбақтар.
4. Қызықты есептер.
5. Мақал - мәтелдер сайысы.
6. Жедел жауап (30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру).

7. Геометриялық фигураларды табу.
- Мен сендерді мынадай геометриялық фигуралармен бағалаймын. Осы фигураларды көп жинау керек, өйткені сабақ соңында фигуралардан қалаған сурет құрастырасыңдар.
- Ал сайысымызды бастаймыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүйрік, Жүзден, тұлпар, мыңнан
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar