Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
24.09.2015, 12:15
Павлодар облысы, Май ауданы,
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәні мұғалімі Тлеумова Айсулу Жолдыбаевна

Сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқушылардың өсімдіктердің құрылысы, маңызы, ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету;
2. Жер бетіндегі өсімдіктерді қорғауға, табиғатты сүйе білуге, ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, оқушылардың шығармашылық ізденістерін кеңейтуге және өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын арттыра білуге, татулыққа тәрбиелеу;
3. Танымдық ойындар арқылы ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Оқыту әдістері: түсіндірмелі, баяндау, сұрақ - жауап, интербелсенді тақта
Тақырыбы: « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс
Мақсаты: Оқушылардың еңбекқорлыққа, адалдыққа, ой – өрісін кеңейту, әсемдікке тәрбиелеу.
Кіріспе сөз.
Қайырлы күн аяулы ұстаздар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұлдар және бүгінгі кешіміздің қонақтары. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастайық! Жалпы сайысымыз 7 сыныптар аралығында, яғни 3 топ арасында өтеді. 9 кезеңнен тұрады.

Сайыстың шарттары:
1. «Таныстыру».
2. Үй жұмысын қорғау
3. Кім тапқыр?
4. «Сиқырлы сандықша»
5. «Көбелекті құтқару» ойыны
6. Ойлан тап!
8. «Өсімдіктер экологиясын білесіз бе?»
9. Ойлы болсаң озып көр.

Сайыстың барысы:
Жүргізуші:
Көзге түсер жүйріктер бағасымен,
Суда ағар таулардың саласымен.
Қара қылды қақ жарар алдарыңда,
Таныстырайық әділ қазы алқасымен.
( Қазыларды таныстыру)

Жүргізуші:
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.
Оқу керек, білім керек қашанда,
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?- дей отырып сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Таныстыру». Әр топ ұрандары мен эмблемаларын қорғайды. Сөз кезегін топ жетекшілеріне береміз.
І топ – «Жас биологтар»
ІІ топ – «Білгірлер»
ІІІ топ – «Микробиологтар»

ІI кезең. Үй жұмысын қорғау. Бұл кезеңде алдын - ала берілген тапсырманы, яғни белгілі тақырыптар бойынша жасалынған буклеттерді қорғау.

ІІІ кезең. «Кім тапқыр?» ойыны.
Ойынның шарты: үстел үстіндегі табақта әртүрлі жемістер мен көкөністерді көріп тұрсыңдар. Енді әрбір топқа сұрақ қоямын. Осы сұрақтың жауабы мына табақта бар. Сұрақты оқығаннан кейін, сұраққа бірден жауап берсе, 5 ұпай алады. Ал, егерде көмекке 2 – ші сұрақты алса – 4 ұпай, 3 – ші көмекті алса – 2 ұпай алады.
І топ: а) бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.
ә) бұл өсімдікте фитонцидтер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады.
Б) жуаның туған інісі. (Сарымсақ)
ІІ топ: а) бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Оның шырыны асқазан ауруына ем.
ә) бұл өсімдіктен спирт, крахмал алынады, мал азығы ретінде де пайдаланылатын техникалық өсімдік.
Б) көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады. (картоп)
ІІІ топ: а) бұл жемісті бетті күтуде, маска жасауда, беттегі сепкілді кетіруде пайдаланады.
ә) оның құрамында 98 % су бар.
Б) огурцы - дың қазақша атауы. (Қияр)

ІІI кезең «Сиқырлы сандықша» Мына сандықшаның ішінде 3 сурет жасырылған. әр топ басшысы шығып, таңдап алады. Сол суретке байланысты сұрақтар қойылады. (3 топ басшысы таңдап алды)
1 топқа мысалы саңырауқұлақтар суреті түсті, соған сәйкес саңырауқұлақтар жайлы сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтарға нақты және шапшаң жауап беруі керек.

Саңырауқұлақтар бойынша сұрақтар:
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым? микология
2. Саңырауқұлақтың өсімдікке тән белгісі: Өсімдік сияқты бір орыннан қозғалмайды: қанша тіршілік етсе, сонша өсе береді; қоректік заттарды жануарлар сияқты жұтпай, бүкіл денесімен сорады.
3. Пеницилл мен аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады? Зең саңырауқұлағына
4. Улы саңырауқұлақты ата. Боз арамқұлақ, шыбынжұт, көңілкеш, жалған түбіртек
5. Ең улы саңырауқұлақ – боз арамқұлақ
6. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер қалай аталады? - антибиотиктер
7. Өсімдікке әртүрлі ауру туғызатын паразит саңырауқұлақтарды атаңдар. Ақұнтақ, қастауыш, тат, қаракүйе. Мұндай паразиттер мәдени өсімдіктердің түсімін орта есеппен 10 - 30 % - ға төмендетеді.
8. Екі ағзаның пайдалы селбесуі - симбиоз
9. Жеуге жарамды саңырауқұлақты ата – қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, бүріскі, көңқұлақ, жерқұлақ, түлкіжем
10. Зең саңырауқұлағынан қандай антибиотик алынады? пенициллин

Бактериялар бойынша сұрақтар:
1. Бактерияның пішіндерін атаңдар. (таяқша, шар, үтір, оралма тәрізді)
2. Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым. (микробиология)
3. Ұсақ ағзаларды алғаш рет кім ашты? (Антон Левенгук)
4. Бактериялар қандай ауруды жұқтырады? (оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң)
5. Жұқпалы ауруларды алдын алу үшін не істеу керек? (тазалық ережелерін сақтау, мысалы, қайнамаған, лай, су ішпеу, киімді таза ұстау, ағзаны шынықтыру, тағамдарды көгеруден сақтау. Ауасы тазартылған бөлмеде бактериялар саны 13 есе азаяды.)
6. Бактерияларда спора қай жағдайда түзіледі? (тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса, мысалы қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт төмендеп немесе көтеріліп кетсе, бактериялар спора түзеді)
7. Бактериялардың халық шаруашылығында қандай маңызы бар? (ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған, мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады)
8. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекендеп, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар қалай аталады? (паразиттер)
9. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер – сапрофиттер
10. Егер қолайлы жағдай туса, яғни ауа, су, қорек жеткілікті болса, бактериялар бөліну арқылы көбейе бастайды. Мұндайда бір жасуша екіге бөлінеді. Пайда болған жас жасуша неше минут сайын бөлініп отырады? (20 минут)
Балдырлар бойынша сұрақтар
1. Балдырлар жасушасына түс беріп тұратын не? Балдырлар жасушасындағы хлоропластар қалай аталады? (хроматофор)
2. Балдырлардың өкілдерін атап шық. (хлорелла, хлорококк, хламидомонада, кладофора, ульва, ламинария, саргассум, коралина, порфира, плюмария)
3. Қағаз өндірісінде қандай балдырды пайдаланатын жасыл балдыр? (кладофора)
4. Ғылыми зертханаларда бактериялар мен саңырауқұлақтарды, балдырларды өсіретін қоректік орта қалай аталады? (агар - агар)
5. Балдырлар түсіне қарай қалай бөлінеді? (жасыл, қызыл, қоңыр)
6. Топырақта өсетін балдырлардың қандай маңызы бар? (топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады. )
7. Суда өсетін балдырлардың маңызы қандай? (көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Сонымен су жәндіктері, балықтар тыныс алады. судағы ағзалық заттарды денесіне сіңіріп отырып, суды тазартады. Ұсақ жәндіктер балдырлармен қоректенеді )
8. Қоңыр балдырлар қайда кездеседі? (теңізде, мұхиттар)
9. Балдырларды зерттейтін ғылым (алгология)
10. Ғарышқа ұшырылған бір жасушалы талшықсыз жасыл балдыр (хлорелла)

IV. Кезең Балалар, қазір мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, осы жұмбақтың шешуін табуға маған көмектесіңдерші.
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда, ұстап үлгердім
Дұрыс айтасыңдар, енді келесі кезеңіміз «Көбелекті құтқару».

Мұнда өрмекші торына көбелек түсіп қалыпты. Ойын шарты бойынша мына жапырақ, гүл, тұқым ұяшықтары да торға түсіп қалған екен. Әр ұяшықта жұмбақтар жасырылған. Егер осы жұмбақтарға дұрыс жауап берсеңіздер көбелек тордан шығады. Сонымен қазір әр топтан бір – бір оқушыдан шығып жұмбақты оқиды, жұмбаққа шыққан оқушы жауап беруі тиіс, бірақ жауап бере алмаған жағдайда топтың мүшелері ол жұмбақты шешуге ат салысады. Қай топ көбірек шешетінін көрейік
Жұмбақ шешу
1. Аналық та, аталық та бір гүлде
Ажырасып көрген емес, ол мүлде
Жарасымды жазылмайтын жұптары
Ондай гүлді көріп жүрміз әр күнде. (Қосжынысты)

2. Жайқалып тұр саяжай мен далада
Ұнатады бұл гүлді, үлкен – кіші, балада
Атауына «қыз» деген тағы бар
Ойландағы гүлді тауып ал. (Қызғалдақ)

3. Алуан түсті жайқалып тұр далада
Басты азық бал жинайтын арада
Тарту етсек мерекелі күндерде
Одан артық сый болмайды анаға (Гүл)

4. Бір орында топтасқан майда гүлдер
Жиды екен бұл орынға оны кімдер?
Алыстан көрінеді бұрын көзге
Бояуы сан алуан бүрлер (Гүлшоғыр)

5. Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті
Су жұқпайтын тоңына
Кім біледі? (Үйрек)

6. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып
Әкелді әжем бір күні (Сәбіз)

7. Жуан ұшы жіпшенің
Ұстап тұрар гүліңді
Зақымданса сол жері
Барлық гүлің бүлінді (Гүлтабан)

8. Тастамайды басынан ақ қалпағын,
Жауын сүртіп тұрады батқан шанын (Саңырауқұлақ)
9. Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты.
Дәмі бал сияқты,
Ол не? (шие)

10. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (жеміс)

11. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарады көзімнен. (Пияз)

12. Аласа талда
Алуан алма,
Алқызыл болмай,
Аузына алма. (Қызанақ)

13. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша)

14. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат - қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін? (орамжапырақ)

15. Аласы бар, қарасы бар, ағы бар,
Пышақ тисе, қып - қызыл болып жарылар. (Қарбыз)

V. «Ойлан тап!». Осы кезеңде әрбір топқа бейнетаспа көрсетіледі. Бейнетаспа арқылы қандай қарапайымдылар екенін анықтау керек:
1. Жасыл эвглена; 2. амеба; 3. кірпікшелі кебісше.

VI. кезең «Өсімдіктер экологиясын білесіз бе?»
- Балалар, сендер өсімдіктердің әр түрлі тіршілік ететін экологиялық ортасын білесіңдер ме? Осы шеңберде өсімдіктердің түрлі тіршілік ететін ортасы: су, батпақ, дала, шөл - шөлейтті, ағаш діңі, таулы жер деген ұяшықтар бар.

Жүргізуші: Осы шеңбер ішіне әрбір топтан бір оқушыдан кіру керек. Өсімдіктің атын атағанда әрбіреулері 3 секунд ішінде аталған өсімдік тіршілік ететін ортаға, яғни осы ұяшықтың біреуіне тұрулары керек. Кімде - кім қателессе және ұяшыққа кірмесе, ұпай алмайды. Осы кезең екі айналымнан тұрады. Қалған 3 тіршілік ету орталығына қайта әрбір топтан бір - бірден оқушыларын ортаға шығады. 7 «А» - шымтезек, қына. 7 «Б» - Балдыр, сексеуіл. 7 «В» - бәйшешек, саңырауқұлақ
1. Қына – таулы жер
2. Сексеуіл – шөл - шөлейтті
3. Шымтезек - батпақ
4. Бәйшешек – дала
5. саңырауқұлақ – ағаш діңі
6. Балдыр - су

VIІ топ басшыларына арналған «Ойлы болсаң озып көр!» кезеңі. Бұл кезеңнің шартына тоқтала кетсем, мұнда 3 ұяшық беріледі. Ұяшықтардың артында әріптер жасырылған. Әр топ басшысы шығып, ұяшықтарды таңдайсыңдар. Мен сендерге сұрақтар оқимын, сендер сұраққа тек қолындағы әріптен басталатын сөздерді айтасыңдар. Ал, бастайық! (Қ, А, М)
1. Жануардың аты
2. Дос қандай болу керек
3. Осы залдан қандай зат көріп тұрсың?
4. Оқушылардың құралы
5. Осы мектептегі мұғалімнің аты
6. Өсімдіктің аты
7. Қаланың аты
8. Биологиялық термин
9. Далада не бар?
10. Мұғалімдерің қандай?
11. Сен қандайсың?

Қорытынды:
Жүргізуші:
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін қазыларға берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік, - дей келе ендігі қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білімнің шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық,
Жеткізеді сіздерді,
Биология сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүйрік, Жүзден, тұлпар, мыңнан
Просмотров: 224 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar