Жүзден жүйрік сайысы - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жүзден жүйрік сайысы
24.09.2015, 12:04
Тақырыбы: Жүзден жүйрік сайысы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, жан жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін дүниетанымын арттыру, кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: Топ алдында еркін сөйлеуін, дауыс ырғағын дұрыс сақтауын, шешендігін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, мақал - мәтелдер жазылған плакаттар.
Түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар назарларыңызға «Жүзден жүйрік»атты сайысымызды ұсынбақпыз. Бүгін сіздер «Жүзден жүйрік»сайысының тартымды да, қызықты әлемімен танысасыңдар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Оқушылар сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын бере әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Алдарыңызда өз білімімен ақыл, ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.
I. топ «Сұңқар»
Ұранымыз: Қандай сынақ болса дағы беріспе, әрқашанда үміткерміз жеңіске
II. топ «Алғырлар»
Ұранымыз: Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн алғырлықпен аламыз.
III. топ «Білгірлер»
Ұранымыз: Біз дайынбыз жарысуға достарым, көрсетеміз бізде қандай күш барын. Жарайсыңдар, балалар сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларын жинақталған болу керек және тәртіп сақталған жөн.

Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысайық.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Кім жылдам»
4. «Тапқырлық»
Ендеше бүгінгі сайысымызды бастайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай жүйріктің бағы жанар ма. Бұл бәйге ойдың бәйгесі, кім жүйрік болса, сол топ алда. «Бәйге бөлімінде» 4 пән бойынша ұяшықтар орналасқан, әр топтың басшысы асық лақтыру арқылы өз ұяшықтарын таңдап берілген 10 сұраққа жауап береді.

Ана тілі
1. Жеңіс туы қай жылы тігілді. (1945 жылы, 30 сәуір, 6 сағат, 30 минут)
2. Исатайдың тұлпары. (Ақтабан)
3. Достық өлкесінің заңы өлеңінің авторы.(Мұхтар Шаханов)
4. Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде»әнін нақышына келтіріп орындаған әнші (Исламқұл)
5. Үй суық. Жыртық терезеден кірген ызғырық шекеден шыққандай. Қара судан басқа түк татпағанына бүгін үшінші күн. (Күлпаш. Бейімбет Майлин)
6. Аштық жылдары қаншама адам аштықтан қырылды. (2 млн-дай)
7. Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманындағы хан. (Абылай)
8. Қазақстан дүние жүзі бойынша не өндіруден 1 - ші орында.(күміс. хромит, қорғасын, мырыш)
9. Ағыбай батыр қайда дүниеге келген (Ұлытау өңірінде)
10. Комбаттың көзі қандай жазуға түсті (оқу озаты, үздік мерген Әлия Молдағұлова)

Математика.
1. Салмақ өлшемдерін ата.(миллиграм, грамм, килограмм, тонна)
2. Ені 3 см, ұзындығы 5 см тіктөртбұрыштың ауданын тап.(15 см квадрат)
3. 5 - тің кубы (125)
4. 8 - дың квадраты (64)
5. 300 - дің 20 - ға қосындысы(320)
6. 1 м неше дм бар(10)
7. Қырықтың екіден бір бөлігі (20)
8. қабырғалары 3 см, 4 см, 5 см, 3 см, 4 см, 5см алтыбұрыштың периметрін тап.(24) 9. Бір жұмыртқа бес минутта қайнайды, жеті жұмыртқа неше минутта қайнайды. 10. Сәуле екі вазадан әрқайсысына 5 алмадан және 4 алмұрттан салды. Сәуле 2 вазаға барлығы неше жеміс салды..(18)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жүзден, жүйрік, сайысы
Просмотров: 341 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar