Жаңа жыл - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жаңа жыл
24.09.2015, 13:24
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» (жаңа жылдық мереке)

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып

2-ші жүргізуші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.


2) Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

1-жүргізуші
Бәрекелді, Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
1-оқушы
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
2-оқушы
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
3-оқушы
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,

2- жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!


3) Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Хор: Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма
(Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып) Хан:
- Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың?!
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Хан: (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?
Уәзір: Сендер кімсіңдер? Кім шақырды сендерді?

1-Жүргізуші:
Біз 1 сыныптың оқушыларымыз. Жаңа жылды патша сарайында қарсы алуға келдік.
Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда? (1 бала шығады)
4-оқушы Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздармыз
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар
Хан: О,о,Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Уәзір: Көңілді әнді бастайық
Биді билеп тастайық
2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жатқан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?


4) (Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен алыстан жүгіріп келемін, қатты шаршадым, мені атақты Жалмауыз кемпір қуып келе жатыр, сендер маған көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар ма?
Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз
(Жалмауыз кемпір жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез тауып беріңдер, маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны тығып қойдыңдар ғой я?!
О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?!
1. Әдемілеп тізілген,
Қауын-қарбыз ба ілінген?
Балалар: Жоқ, ойыншықтар
2. Әсем екен шыршамыз
Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ!дейді.

1-Жүргізуші: Қане Жалмауыз кемпір біз сізбен келісіп ойын ойнайық,, біз саған жұмбақ жасырамыз, сен жауабын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз үйіңе қайтасың.
Жалмауыз кемпір: Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар, мен бәрін шеше аламын, мен ақылдымын.
5 - оқушы
Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Пырағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Жалмауыз кемпір: Қабат – қабат ол не екен?Сөйлейді ме? Ол радио!
2-Жүргізуші: балалар ол не ? Дұрыс кітап.
6- оқушы
Қысы –жазы суға тола. Ол не?
(Жалмауыз кемпір алдына шығып)
- Мен білемін. Ол горшок !
Бәрі күледі. Уәзір ішін басып күледі.

2-Жүргізуші: Таппадың, ол құдық.Жалмауыз кемпір біз жаңа келіскендей, сен жұмбақты шеше алмадың, енді өз үйіңе қайту керек саған.


5) Жалмауыз кемпір: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.

1-Жүргізуші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?
Балалар: Ия, келісеміз!

1-Жүргізуші: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.
Уақыт.(әндетіп).Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)
Алло,Алло!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытың - көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Жаңа жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!


6) Дауыс. Уа, құдіретті де, құрметті Уақыт амансың ба? Мен - Жаңа жылмын. Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты уақыт, Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін!
Уақыт: Рас айтасың, жақсылығы мол, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк - жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз бақытты болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.
(Уақыт әуені. Көктем, жаз, күз көріністері музыка фонында уақыттың әуенінің ырғағымен сахнадан жылжып, көрініп өтеді.)

2-Жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

2-Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
(Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.) Аяз ата:
Сәлем саған өрендерім сүйікті!
(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қасымда ерген Қарша қызымды жолда жоғалтып алдым. Жалмауыз кемпірдің қолына түсіп қалды ма деме, ол мында жүр, енді қайда жүр екен, сендер көрген жоқсыңдар ма балалар?


7) (Ақшақар орнынан шығып келеді): Мен мұндамын ата, мені балалар Жалмауыз кемпірден құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!
Аяз ата: Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге балапандарым!

1-Жүргізуші: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа отырыңыз!
2-Жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!

1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырсақ
7-оқушы:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
8-оқушы:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
9-оқушы:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
10-оқушы:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.


8) 11-оқушы:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !

2-Жүргізуші:Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз азаймасын!
Ортаға биші қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар!

2-Жүргізуші: Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.
Жалмауыз кемпір: Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.
Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! ( өзі құлағын ұстайды)
- Мен басымды ұстадым 1,2,3! (иығын ұстайды)
Мен құлақты ұстадым 1,2,3! ( бетін ұстайды)
Мен қолымды жасырдым 1,2,3! ( өзі қол соғады)
Жалмауыз кемпір: Балалар, ішімізде алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, қане өздері шығып айбын өтесін.
12-оқушы:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
13-оқушы:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде .


9) 15-оқушы
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

1-Жүргізуші:Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-Жүргізуші:
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз

1-Жүргізуші: Жаңа жылдағы «Ұлу жылы» бізге не жақсылық әкеледі? Ендеше, ортаға «Ұлу жылын» шақырайық.
Ұлу жылы: – Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті сіздерге. Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Сіздерге қысқаша айтып өтейін. Биыл, ұлу жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа райы бір қалыпты жылы қалпында болады.

1-Жүргізуші: Рахмет ұлу!
Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !

Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады


10) Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
1- Жүргізуші:
- Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім
Мен саған әнім менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Ән:
Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар. Енді сыйлығымызды алайық.
1-жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік
Жалмауыз кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын тамашалап қайтамын.
Балалар: Сау болыңыз!!!

2-жүргізуші Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2012жыл да келді. Ал 2011 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

1-жүргізуші:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жаңа, жыл
Просмотров: 259 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar