Жаңа жыл 2015 - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жаңа жыл 2015
24.09.2015, 14:43
Жаңа жыл 2015

Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
1 - жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Ал енді құрметті халайық сөз кезегін мектебіміздің басшысы ------------------------------------ береміз.

Жүргізуші: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық -
Келесі кезекті 1 сыныптың «үнді» биімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.

Аю: - Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.

Қоян: - Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю: - Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!

Ән: «Шырша жыры» хор
Қоян: - Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: - Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей...
Қоян: - Я десейш - ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!
Аю: - Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті - аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік - кетік, киімі алба - жұлба... ха - ха (күледі).
Қоян: - Хи - хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
- 1, 2, 3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Сол кезде Ақшақар келеді де екеуінің сиқырын ашады.
Ақшақар: армысыздар, оқушылар ата ана, жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын. Балалар шыршамыз неге жабырқаулы?

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жаңа, жыл, 2015
Просмотров: 178 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar