Жаңа жылға саяхат - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жаңа жылға саяхат
24.09.2015, 10:54
«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің 7 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі

1 - жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2 - жүргізуші: Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде - жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!. Келе жатқан ұлу жылы мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін. Кешімізді әнмен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән « Жаңа жыл».
2 - жүргізуші: Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1 - үстелде 10 - 11 сынып оқушылары, 2 - үстелде 9 сыныптар, 3 - үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 8 сыныптар және 4 - үстелде 7 сыныптар. Ду қол шапалақ, қошеметтеріңізді аямаңыздар достар.

1 - жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа – тұс келіп отыр және
біз сынып бойынша емес, үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кешіміздің соңында белсенді отырған үстелге ерекше сыйлығымыз бар.
2 - жүргізуші: Кешімізді бастамастан бұрын 4 үстелден 1 - 1 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан - жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп, тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі. Сіздер сағат 17 00 - де осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(4 оқушыны шығарып жібереміз) Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

1 - жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
КОНКУРС - 1. Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін - бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).
2 - жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, қәне, келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға................................... әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.

1 - жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
2 - жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
(Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмын.)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: саяхат, жаңа, жылға
Просмотров: 145 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar