Жаңа Жыл - Жаңа жыр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жаңа Жыл - Жаңа жыр
24.09.2015, 13:35
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Ертеңгіліктің жүрісі
Музыка ойнап, оқушылар Жылан жылымен залға енеді. Хор: Аппақ, аппақ орындалады
Темирлан: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Мұғалім: Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келіпсіз бәріңде. Темирлан осы біздің шығарып салатын жылымыз Жылан жылы ме?
Темирлан: әрине апай Жылан жылы ғой. Мұғалім: Ендеше Жылан жылымызға сөз берейік.
Жылан жылы: балалар, құрметті қонақтар мен 1 жыл бойы сендермен бірге болдым, сендердің жақсылықтарыңа қуандым қайғыларың болса кешірім өтінемін келер жаңа жыл сендерге бақыт, қуаныш, береке әкелсін. – Ал, сендер мені қандай жетістіктеріңізбен қуантасыз. Балалар: Біздің әншіміз Байрам облыстық әкім шыршасына қатысып сыйлыққа ноутбук алды. Сонымен қатар Айсұлу мен Гүлбибі аудандық әкім шыршасына қатысып оларда көптеген сыйлықтарға иеленді. Жылан жылы: Тамаша, балалар қуаныштарыңа ортақпын. Мен енді сендермен қоштасқалы отырмын менімен бірге Қоштасу вальсін билеуге шақырамын. - Келесі кездескенше қош сау болыңдар!

Темирлан: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де, - дей отырып мектеп - бақшамыздың директоры Агниязова Жансары Қазымовнаның балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
Мұғалім: Ән «Жаңа Жыл»Байрамның орындауында

Музыка ойнап, боранның дауысы естіледі. Боран ханым ортаға шығып, шыршаны айналып ақырын билеп жүреді.
Боран ханым:
Қыраттар мен жазықтар,
Орман, тоғай аралап
Келіп қалдым ортаңа
Мерекені тойлауға
Мен Боран, мен Боран
Менің де тамаша сәнім бар
Ысқырып, пысқырып, гуілдеп,
Азынап салатын әнім бар.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Боран ханым!
Боран ханым: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Міне, бүгін сендерге шырша мен қыс мерекесі де келіп жетті. Бұл Жаңа жылдық мерекені біз сендермен асыға күткен едік. Ормандар мен тауларды, жоталар мен жазықтарды аралап жаңа жыл мерекесі бізге келе жатыр. Ал, кәнеки бәріміз бірігіп «Қош келдің, қош келдің, Жаңа жыл» деп айтайық.
Көңілді әуен естіледі. Сол әуеннің ырғағымен ортаға Пеппи ұзын шұлық жүгіріп шығады. Үстінде көк көйлек, әр түрлі шұлық, үлкен туфли киген. Екі бұрымы екі жақта тұр. Қолында үлкен бутафор кәмпиті бар.
Пеппи: (айқайлап) Сәлем, сәлем! Мен кешігіп қалған жоқпын ба? Балалар: Жоқ!
Боран ханым: Пеппи, біздің мерекемізге қош келдің. Саған бүгін бізбен бірге болу ұнайды деп ойлаймын.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жаңа, жыл, жыр
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar