Жақсылық жасау өз қолыңда - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жақсылық жасау өз қолыңда
24.09.2015, 10:43
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің
орыс тілі пәні мұғалімі Бозжигитова Ляззат Конакбаевна

Тақырыбы: Жақсылық жасау өз қолыңда (слайдымен)
Мақсаты: Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.
Міндеттері: - Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылған

Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Алдымен оқушыларға өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа бес оқушыдан бөлдім: сары, жасыл, қызыл пішіндер) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді.
Ой шақыру
Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар. (жай музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі)
Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер жақсылық туралы сөз қозғаймыз. Алдымен мен сендерге бір сұрақ қоямын, сол сұрақтың жауабын іздеп көресіздер. («Аралас, қатып қозғалма, топтас» әдісі бойынша өткізіледі. Оқушылар қолдарына қалам мен қағаздарын алып шығады да бір минут ішінде мәлімет жазып алу керек)
Сұрақ: Жақсы адам деген қандай адам?
Мұғалім «Аралас» дегенде оқушылар бөлме ішінде арлы берлі жүріп, араласып «Жақсы адам деген кім?» сұрағына жауап алып, қағаздарына жауаптарын жазады.
«Қатып, қозғалма» дегенде орнында тұрып қалады. Мұғалім бірнеше оқушының жауабын тыңдайды.
«Топтас» дегенде өз топтарына отырады.
Мұғалім: Рахмет, мен де өз жауабымды айтайын:
Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Адам дүниеге ештеме қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік. Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
- Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
- жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Мұғалім: Рахмет, жақсы ойларыңды айттыңдар. Енді әр топқа тапсырма беремін.
Топтастыру немесе Кластер стратегиясы бойынша
І топ: «Жақсылық» деген сөзге
ІІ топ: «Жамандық» деген сөзге
ІІІ топ: жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтел жазу
Мағынаны тану кезеңі
Мұғалім: Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Ойымызды әрі қарай өрбіту үшін мәтінмен жұмыс жүргіземіз.
Әр топқа үш түрлі мәтін таратылады.
І топ: «Жақсылық сынықтары» мәтіні (қосымшаны қара)
Сұрақтар:
Бұл әңгімеден кейін қандай сезімде болдыңдар?
Сендер қалай ойлайсыңдар, әже неліктен көп жылдар бойы әйнек сынықтарын жинап жүрді?
Егер де адамдар әженің не істеп жүргенін білгенде не істер еді?
ІІ топ: «Ұстаз ақылы» (қосымшаны қара)
Сұрақтар:
Ұстазының жауабын шәкірттері түсінді ме?
Адамдар неге жамандыққа тез үйір болады, қалай ойлайсыңдар?
Мен жаңа айтып кеттім, Адамның ішкі сұлулығы — адамның жүрегі, жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды деп, жүрегімізді жамандық жауып тастаса біз қалайша жақсы адам боламыз. Сондықтан да бұл әңгімеден не түюге болады?
ІІІ топ: «Екі қасқыр» әңгімесі (қосымшаны қара)
- Ата Екі қасқыр деп нені меңзеп отыр?
Жамандық пен жақсылық өмірде бірге жүреді екен. Ал қайсысы жеңеді? Жақсылық жеңу үшін адам не істеу керек?
- Осы үш мәтінді бір бірімен байланыстыруға бола ма? Үшеуі бір бірін толықтырып тұр ма?
Алдарыңызда бірнеше мақалдар, нақыл сөздер жазылған парақ жатыр. Ойланып, соның ішіндегі қайсысы өз мәтіндеріңе байланысы бар деп ойлайсыздар. Егер де байланысы бар десеңдер, сол мақалдың тұсына белгі салыңыздар.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жасау, өз, Жақсылық, қолыңда
Просмотров: 204 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar