Жадыңда жүрсін жақсы әдет - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жадыңда жүрсін жақсы әдет
[ · Скачать удаленно () ] 24.09.2015, 09:37
Сабақтың тақырыбы: Жадыңда жүрсін жақсы әдет.
Сабақтың эпиграфы: «Әр сөзі, әр нақылы бұрынғының,
Жол сілтері бүгінгінің».

Сабақтың мақсаты: халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы – бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындырып, сол сөздерден өнеге беру.

Сабақтың міндеті:
- халық даналығының тағылымдарын бойға сіңіру, тіл дамыту;
- ұлттық дәстүрімізді насихаттай отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: факультатив;
Сабақтың типі: таным сабағы;
Сабақтың әдісі: әңгіме - сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену;
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша дайындалған слайд, балаларға таратылатын жұмыс материалдары.

Сабақтың басында тақырып бойынша дайындалған «Аталар сөзі – тәрбие көзі» деп аталатын слайд көрсетіледі. Слайдтың мазмұны төмендегідей:
Атам – кітап, мен дәптер,
Ақыл толы сөзіне
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме.

Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап – атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас,
Өмір – кітап – атамыз.

Беттері ашық ұдайы
Оқылатын кітап ол.
Сырын ашып ұдайы
Тоқылатын кітап ол.
- Балалар, өздерің көрген слайдтың мазмұнынан не ұқтыңдар?
- Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ екен?
- Сабағымыздың тақырыбы мен эпиграфына назар аударайықшы.

Әр халықтың өзіндік ерекшелігі, салт - дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің ұлттық тәрбиеміз де ананың әлдиі мен ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Халқымыздың қадір - қасиетін осы балауса - балғын жас кездеріңнен бастап бойларыңа дарыту керек. Ұлттық мәдениетімізді, инабаттылықты, имандылықты, қайырымдылықты, мейірімділікті, ізеттілік пен меймандостықты және тіл өнерін балаларға жас кезінен үйрету – ол біздің өркениеттік дәстүріміз. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы, олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып, жүрегімізден орын алуда.
Ол – болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры – халық қазынасында, соның қадір қасиеті мен бітім - болмысында.
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша, тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар. Бүгінгі жас ұрпақ, өздеріңе осы қасиетті сөздермен танысып, оның мән - мағынасын жете ұғынатындай дәрежеге жету парыз. Осы міндетті көздеген біздің бүгінгі сабағымыз үш бөлімнен тұратынынын хабарлаймын.

І бөлім. Қарт ата мен жас жігіттің арасында болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып, өз ойын айтып беруі арқылы көрсетеміз.

Әрі қарай балалар қысқа мәтіндермен жұмыс істейді, яғни топтағы оқушылардың бәрі таратылып берілген мәтіндерді кезектесіп оқып, қария мен жігіттің арасында болған әңгімені талдайды. Мәтіндердің мазмұны төмендегідей болып келеді:

- Арман деген не? – депті қария.
- Ата, арман дегеніміз ақыл - ойдың шындығы. Құс – «ұшсам», бала – «өссем», қыз – «көрікті болсам», жігіт – «бақытты болсам», қарт «жүзге жетсем», ұстаз «шәкіртіме үлгі болсам», - дейді.
- Арманына адаспаған жетеді. Ал қиыс кеткен жанның арманына жетуі қиын. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, - деген екен қария сонда.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қарт:
- Бақытты болу оңай ма?
- Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында, - деп жауап береді жігіт.
- Жоқ, балам, ақыл басында, бақыт жанында болады. Ақыл – адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
- Адамның ақылы қайда?
- Адамның ақылы тілінде, ата.
- Жоқ, балам, тіл – ақылдың айнасы, ақыл – істің пайдасы. Есіңде болсын, ханның ақылы – тағында, әкімнің ақылы – жанында, ғалымның ақылы басында, ағаның ақылы – жасында, жігіттің ақылы – жақсылығында, ақымақтың ақылы – кім - көрінгеннің қалтасында.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жақсы, әдет, Жүрсін, жадыңда
Просмотров: 202 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar