Жанұя және математика - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жанұя және математика
24.09.2015, 09:33
Тақырыбы: “Жанұя және математика”

Мақсаты: Білімділік Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзін тәрбиелеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Көрнекілігі: Үлестірмелі тапсырмалар, логикалық есептер, тест сұрақтары
Түрі: топтық сайыс
Типі: ойын түрінде

Жоспары:
І. Топтың өзін таныстыруы амандасу рәсімі
ІІ. Тапқырлық сайысы (логикалық сұрақтар)
ІІІ. Біліктілік сайысы (есептер шығару, кесте толтыру)
ІV. “Қас – қағым” сәт (берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек)
V. “Ойымды жалғастыр” (мақал - мәтел жалғасын табу)
VІ. “Тез санап шық” (1 - ден 30 ге дейінгі сандарды тез жаңылыспай санап шығуы керек)
VІІ. “Әзіл сұрақтар” (логикалық сұрақтар)
VIII. Жұмбақтар сайысы ( көрермендер көзайымы)
ІХ. Тест сұрақтары

1. Уа халайық, халайық
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде
Жанұялар жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салады
Көңілді кеш жасаймыз

2. Жанұяда ылғи дарындар
Жүректе от көздерінде жалын бар
Дайындықпен келіп тұрған жарысқа
Есеп білсе жетеді ғой табысқа
“Алғырлар” тобын халайық
Құрметпен қарсы алайық

3. Біріміз - Күн, біріміз ай - Ай болайық,
Жарыстың атына тек сақ болайық
Іске сәт деп көпшілік бата берсе,
Тапқырлар деп өз топтарын атаған
Жанұны шақырғымыз келеді

Әкем, шешем, әпкем, ағам және мен “Математик жанұямыз шетінен” деген ұранмен өтетін “Жанұя және математика” атты
5, 6, 7 “а” және 5, 6, 7 “ә” сынып оқушыларымен олардың ата - аналарынан құралған топтардың бүгінгі жарысын бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Жарысымыздың алғашқы туры: “Топтардың өзін - өзі таныстыруы” деп аталады.:
Логикалық сұрақтар
Алғырлар тобына:
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандарының қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе?
2. Ең кіші үш таңбалы сан
3. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі
4. Қай сандардың қосындысы 5 - ке, көбейтіндісі 6 - ға тең?
5. Қай сандардың қосындысы 3 - ке, ал көбейтіндісі 2 - ге тең
Тапқырлар тобына:
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды.
2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды.
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
4. 30 санын үш 6 - ны пайдаланып шығар
5. Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жанұя, және, математика
Просмотров: 147 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar