Жана жылдағы жана ертегі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жана жылдағы жана ертегі
24.09.2015, 10:36
Жаңа жылдағы жаңа ертегі»
аудандық қайырымдылық шыршасының (театрландырылған көрініс) сценарийі

Жүргізушілер: Құттымұратова. М
Изтлеуова. Б

Кейіпкерлер: Патша, уәзір, Жалмауыз кемпір, сиқыршы, Аяз ата, Ақшақар, Жаңа жыл, Ескі жыл.
Массовка: Аю мен Маша, Буратино, Пьеро, Базилио, түлкі Алиса, Армагадес, Мысық, Мальвина, Тауық 12 балапандарымен, Клоундар, Д, Артаньян үш ноянымен, Патшайым, Ханша мен ханзада, сарай қызметшілері мен қонақтар.

Зал тақырыпқа сай безендірілген, сарайдың іші ортада фуршет қойылган, сарайға қонақтар келіп жатыр, биреуі жаймен иіле амандасып жатса, биреулері өзара сөйлесіп тұрады, үй күтушілері қызмет жасап жүреді. Осы мезетте патша сайқымазағы секіре жүгіріп келіп былай дейді:
Сайқымазақ: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патшам мен патшайым келе жатыр! Қарсы алыңыздар!
Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен патшайым уәзірі Бүлдіргенмен бірге кіріп келеді де таққа отырады.

Патша: Армысың, аманбысың халқым менің
Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!!
(балаларға арналған музыка әуенімен ертегі кейіпкерлері кішкентай бүлдіршіндерді жетектеп, ортаға шырша жанына алып шығады)

Патшайым: Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер!
Балалар орналасқан соң патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.
I. Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Сарайында патшаның
Бал маскарад тойлаңыздар.
О, Жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер! ( пауза, жарлық жазылған бетті ашып жіберіп былай дейді)
Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта патшаның көңіл күйін көтерген жан жақтан келген өнер иелеріне, мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Кербездене келе жатқан 2014 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

Сайқымазақ: Әнмен шашу шашайық
Бимен балды ашайық
Келіңіздер халайық
Жырға жырды қосайық.
Вальс
Музыка. Патша мен патшайым, сарай қонақтары жұптасып билейді. Сахнаға мыстан жүгіріп шығады да айналасына қарай:
Мыстан: Уааа қонақтар, қош көрдік, неге состиып тұрмыз. Қане, бірге билейік, ортаға жиналайық. 1, 2, 3 күлімсіреп қарайық
1, 2, 3 сарайында патшаның, биді билеп тастайық ( музыка флешмоб)
«Флешмоб»

II - блок. Сахнаға екі жүргізуші шығады (музыкалық фанфары)

Маржан: Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,
Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған
Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,
Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,
Кел, Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Бибігүл: Байлық әкел, бақыт әкел баянды,
Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,
Бейнеуіме бар жақсылық, береке ала кел,
Шалқыта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.
(музыка, қол шапалақтау...)

Маржан: Құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі «Жаңа жылдағы жаңа ертегі» атты қайырымдылық шыршасына қош келдіңіздер!
Бибігул: Бүгінгі ұрпақ – ел келешегі. Ел келешегі – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің жүзі жарқын, көңілдері шат болып, бақытты ғұмыр кешуіне ықпал етіп келе жатқан «Шапағат» қайырымдылық қорына алғысымызды білдіре отырып, құттықтау сөз кезегін аудан әкімі Басшы Айжанақұлына береміз.
Маржан: аудан әкімі Басшы Әзірханов мырзаның балаларға деген жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.
Аудан әкімі Басшы Айжанақұлының құттықтау сөзі.
«Шапағат» қайырымдылық қорының сыйлық тапсыру рәсімі. ( оқушыларға сыйлық таратқанда жетектеп әкеліп, орнына апарып жүру ертегі кейіпкерлері орындайды. Музыка орындалып тұрады.)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жылдағы, жана, ертегі
Просмотров: 171 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar