Жануарлар дүниесін қорғау - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жануарлар дүниесін қорғау
24.09.2015, 13:44
Жануарлар дүниесін қорғау
(Тәрбие сағаты)
Мақсаты: Жер бетінде жойылып бара жатқан жануарлар әлемі туралы түсінік беру. Адам өміріндегі табиғаттың маңызы, ондағы байлық жан – жануарларды қадірлеп – қастерлеп қорғауға және кейінгі ұрпаққа ата – бабамыздың ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін кетірмей қорғағанын ұқтыру және өз үлесін қосуына ықпал ету.
Сахнаның безендірілуі: «Қызыл кітапқа» енген жан – жануарлардың суреттері, тыйым сөздер.

І жүргізуші: Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін өте көп нәрселерінен байқауға болады. Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше. Адам табиғатта шаруашылықтың қай түрімен айналысса да өсімдіктер мен жануарларға әсер етпей қоймайды.

ІІ жүргізуші: Жол салу, үй тұрғызу, мұнай – газ құбырларын салғанда да жерді қазып, ормандарды кеседі. Мұндай жағдайда өсімдіктер ғана емес, аң, құс, жәндіктер де өз тіршілік ортасынан ажырайды.

І жүргізуші: Бүгінгі күні жануарлардың белгілі бір түрлерін заңсыз атудың, аулаудың салдарынан құрып кету қаупі туындап отыр. Мысалы, қазақ жерінде ерте заманда жосып жүретін жабайы түйелер, құлан, тарпаң, ну қамыстарда мекен ететін жолбарыстардан қазір тұқым да қалмаған.

ІІ жүргізуші: Даламызда, тауларымызда топ – тобымен, үйірімен жүретін арқар, бұғы, қарақұйрық, орман сусары, ақ тырна, құндыз, дуадақ, т. б. жануарларды оңайлықпен іздеп табу қиынға соғады.
Оқушылар:
Жылан
Соншалықты алаңдар
Болмаса да зор тіпті
Ерте кезде адамдар
Жыландардан қорқыпты.
Аса қымбат ол дейтін
Уымен – ақ шамалы.
Көп кеселді емдейтін
Дәрі алынар бағалы.

Қоян
Ақ қоян – ау, ақ қоян,
Сауысқаннан сақ қоян.
Қаша берсең қалыңға,
«Қорқағым» деп ат қоям.
Өсімдіктер әлемі
Жануарлар әлемі

І жүргізуші: Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген ортасы және мәңгілік мекені. Еліміздің табиғат байлығын өз қалпында сақтау, өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен – көлдерді қорғау - бүкілхалықтық іс.
Жұмбақ әжей: Менің кішкентай достарым, құрметті оқушылар, кім тапқыр, кімнің ойы жүйрік, қиялымызды ұштап жұмбақтар сайысын бастаймыз. Шешуін жылдам тапқан қатысушыларға сыйлығым бар.

Жұмбақтар шешу
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар
Кіп-кішкентай арадан (...)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді? (...)

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қорғау, ЖАНУАРЛАР, дүниесін
Просмотров: 179 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar