Жасөспірім және темекі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жасөспірім және темекі
24.09.2015, 10:04
Жасөспірім және темекі (сыныптан тыс тәрбие сағаты) (слайд)
Мақсаты
1. Темекінің адам өміріне зиянды, улы екенін түсіндіре отырып тазалыққа, саналылыққа, құқықтық тәрбиеге баулу
2. Салауатты өмір салтын сақтауға оқушыларды тәрбиелеу
3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ассоциация, болжау кестесі
Көрнекілігі: мультимедия,, мақал - мәтелдер, журналдар, қабырға газеттері

Сәлем достар! Менің атым Шымырбек. Мен сендерді салауатты әдеттер елінің әр түрлі қалаларына саяхатқа шақырамын. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боласыздар және қызықты мәліметтер аласыздар

Жоспары:
Темекімен күрес қаласы
Тазалық қаласы
Спорт кешені
Пайдалы кеңестер
Темекінің шығу тарихы
1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз
аралдың (қазіргі Америка елі) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады. Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.

Зияны
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.
5. Қол - аяқ тамырлары бірте - бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).
6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.
7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

Енді достар Тазалық қаласына сапар шегейік!
Тазалық қаласы

• жеке бас тазалығы;
• тыныс алу жолдарының тазалығы;
• шаш, тырнақ, тері тазалығы;
• тірек қимыл жүйесінің тазалығы.
Енді достар спорт қаласына сапар шегейік!

Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: темекі, және, Жасөспірім
Просмотров: 186 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar