Жас зияткерлер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жас зияткерлер
24.09.2015, 10:08
Математикалық ойынның мақсаты:
Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге дегенқызығушылығын арттыру.
Қатысушылар: 10-11 сынып оқушыларынан 2 топ (5 оқушыдан).
Ойын ережесі:
Ойынға 5 оқушыдан 2 топ қатысады.
Әр топтың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек.. кезеңдерде әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер топ дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер топ сұрақтың дұрыс жауабын берсе – ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген топ беріледі, ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.
Топ мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Барысы
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділқазылар алқасы және ойынға қатысушылар!
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
- Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу.
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалар мен танысуға рұқсат етіңіздер.
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа!
- Бүгінгі жарысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазы алқаларымен таныс болайық!
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едің талай сында
Қара қылды қақ жарып әділ қазым
Еңбегін тапқырлардың әділ сына

1-кезең
Әдебиеттегі сандар
100. Қазақ халықмақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)

200. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек - кезек жығысып, жатып тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.
Жауабы қыс пен жаз, тақ пен жұп, түн мен күн, жамандық пен жақсылық.

300. Мұсылманқұл соғысы. («Абай жолы», І том)
Құнанбай мен жігітек руларының арасында қақтығыс, жер дауы, ел дауы.
Есеп: Құнанбай мен жігітек сарбаздарының саны – 2040.
Құнанбай қолы жігітектен 2 есе көп болса, әрқайсында неше сарбаздан болады?
Жауабы 1360 және 680

400 Бөжей асы. («Абай жолы», І том)
Абай шешесі Ұлжанмен ақылдаса отырып, Бөжей асына атсалысуға қамданды. Осы жолы асқа жиналған ел ағалары Абай құрметіне риза болып, ол үлкен құрметке ие болды. Асқа Жетісудан Бөжей нағашылары Найман, Матай, Сыбан руларынан келген кісілер саны оларға арнап тігілген үйлерден 12 есе көп болды. Егер олардың қосындысы 130 болса, нағашылар саны мен тігілген үй саны қанша?
Жауабы 10 үй 120 кісі

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жас, зияткерлер
Просмотров: 161 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar