Жаса, Жеңіс мәңгілік! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жаса, Жеңіс мәңгілік!
24.09.2015, 14:51
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Отанын туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Жас, жеңіс мәңгілік» тақырыбы жазылған плакат. Ерлік жайында түрлі - түсті суреттер, мақал - мәтелдер ілінген плакаттар.

І жүргізуші. Аружан (күлкі вальс)
Ғажайып дүние сан ғасырлар кешірген
Төскейде малы кең шалғы жайлы көсілген
Береке бірлік жарастығы бар жерімде
Бейбіт өмір, баянды бастан кешірген
Жігіті жайсаң, қызғалдақ қызы құлпырған
Албырттық жастық жүректерде жыр тұнған
Біз 17, біз 18 жаста едік
Би билеуден кезіміз жоқ бір тынған
Ернұр:
- Жігіттер, жігіттер соғыс басталды
(Говарит Москва……………)

І жүргізуші: Аружан
Дала бүгін зұлымдыққа кенелді
Соғыс өрті жаулап алды әлемді
Отан, ана қорғау үшін өзіңді
Азаматтар қан майданға жөнелді
(Соғысқа аттанатын азаматтардың аты - жөні оқылады. Қоштасуға 1 мин уақыт беріледі.)
Қарт кісі: Сұлтан
- О, Азаматтар ел басына күн туды. Жауды жеңіп, елге жеңіспен оралыңдар. Әмин!(Барлығы залдан шығып кетеді)
Өлеңдер: Ернұр, Гүлнұр, Бағдат, Ш. Аружан, Нұрлыжан, С. Аружан
Ернұр
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау кіріп
Қырғын соғыс басталған
Гүлнұр
Соғыс жалмап аға - іні бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты Баланы.
Бағдат
Сенсің Отан қанмайданда
Сыйынарым ұраным
Күні - түні әр қайда да
Сені көріп тұрамын
Ш. Аружан
Дүр сілкінді сол жылдары қоңыр аймақ
Өшпес тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп,
Жастар кетті соғысқа «Елім - айлап»
Нұрлыжан
Болмасын соғыс қанды апат
Түспесін басқа ауыр күй
Қалмасын жесір махаббат
Қалмасын жетім жас сәби
С. Аружан
Сан жүректер осылайша жараланды
Жараланды солып бір дала қалды

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жаса, мәңгілік!, жеңіс
Просмотров: 166 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar