Жасай бер, туған тілім, ана тілім! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жасай бер, туған тілім, ана тілім!
24.09.2015, 11:09
Тақырыбы: Жасай бер, туған тілім, ана тілім!
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлесуге баулу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, нақыл сөздер
Сабақтың әдісі: жарыс, сұрақ жауап
Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын баяндау. Оқушыларды екі топқа бөліп сайыс кезеңдерімен таныстыру.
II. Кіріспе.
Мұғалім сөзі:Құрметті оқушылар бүгінгі таңда тәуелсіздік туы желбіреп, еңселі елге айналдық. Сендер болашаққа нық сеніммен қарап отырған елдің ұлымен қазысыздар, яғни еліміздің ертеңгі болашағысыздар. 22 қыркүйек күні еліміздің тілдер мерекесі аталып өтіледі. 1998 жылы 20 қаңтарда ел басымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан Республикасының тілдер күні» деп жариялаған. Бұл мереке еліміздің жер-жерінде мәдени шараларға толы апталыққа ұласуда.
Әр адамның азаматтық қасиетімен мәдениеті өз халқын, өз ата мекенін қалай сүюімен өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.
Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болашақ - әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

III. Негізгі бөлім.
Жүргізуші: Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік
Жастарды имандыққа әзірлейік
Тәрбиемен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп білейік.
Бүгінгі біздің сайысқа екі топ қатыспақшы.
1 топ Асыл сөз тобы
2 топ ұшқыр ой тобы
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Сайыскерлерді ойын шарттарымен таныстыру.
1 Таныстыру
2 Бәйге
3 Тіл өнері
4 Мен ұнататын үш пән
5Шешендік өнер
6 жорға

I. Айналым
Әрқашан білім көптік етпеген
Талапсыз жан мұратына жетпеген
Дос көңілден адал аппақ ниетпен

Түскен кезде білімнің сайысына
Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа
Талапкердің талабы таудай болар
Аямас тиіп кетсең намысына

II. Айналым «Бәйге»
1-топтың сұрақтары.
1. Тыныс белгілерінің ережелер жиынтығын тексеретін бөлім?
2. « Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол адам болам десеңіз» деген өлең жолдарының авторы.
3. «Тіл дыбыстарын» зерттейтін сала қалай аталады?
4. Қазақ тілінде неше буын бар?
5. Қазақта тұңғыш дана ана кім?
6. Қазақта тұңғыш шешен кім?
7. «Тіл туралы заң» қанша бап қанша тараудан тұрады?
8. Екі кісінің сөйлесуі?
9. «Фариза өлеңінің авторы?
10. Республикалық балалар газеті?

II. топтың сұрақтары.
1. Ата заң қашан қабылданды?
2. Тәуке ханның қазақ тарихында ең үлкен еңбегі?
3. «Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?
4. Қазақ тілінде буын саны?
5. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?
6. Жалаң сөйлем деп қандай сөзді айтамыз?
7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері?
8. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
9. «Томаға» деген не?
10. Елтаңба авторларын ата?

III. Айналым Тіл өнері.
Мақалдың жалғасын табу, немесе жұмбақ шешіп , шешуін үш тілде айту.
1Торғын көкте қара құс.
Ағылып ұшып барады.(бұлт)
2. Жаман аттан аяғым артық,
Жаман..... таяғым артық.
3. Көрінбейді көзіңе
Тіл қатпайды сөзіңе
4. Жаны жақсы ағаның етегін баспа жолын қу
Болайын деген ........... баланың
Бетін қақпа белін бу.
5. Үй үстінде алтын тас
Алайын десем табылмас
6. Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
....... басына күн туса .
Етегімен су ішер.
7. Батыр туса ел ырысы,
........... жауса жер ырысы.
8. Тұмсығымен қозғалар соңынан аппақ із қалар
9. Жеті қазынаның бірі?
10.Жақсының аты өлмейді
........... хаты өлмейді.
2- топ.
1. сауысқанның тамағы
Шоқу менен табылар .
өнер, білім бәріде,
........... табылар.
2. Сөйлемейді ол тілі бар.
Алуан-алуан түрі бар.
Көз алдында жер шары.
Қане мұны біліп ал.
3. әуре болма теріп бекер.
Ұстай алсаң еріп кетер
4. Балдай тәтті.
Мұздай қатты.
5. Тышқанға қауіпті.
Иттерге жау мықты
6. Оқу білім бұлағы,
Білім ........... шырағы.
7. Көп жазсаң қолың талады,
Қағазға бәрін салады
8. Күндіз-түні сыртылдайды жүрісіне бір тынбайды.
9. Атаңның баласы болма,
......... баласы бол.
10.Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың.

Жүргізуші:
Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына берген өнер сарқылмасын.
Шыңға біткен шынардай биіктегі,
Ұлтымыздың ән өнері шарықтасын.
Кезекті әнге берейік
IV. Мен ұнататын үш пән.
Оқушыларға үш пәннен сұрақ беріледі. Қазақ , орыс, ағылшын тілдерінен.
Ұяшықтар таңдайды 20,30,40. Әр қайсысында төрт сұрақтан берілген.

1. Қазақ тілінен.
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар, және оларды ата?
Дауыссыз дыбыстар сандар мен үннің қатысына қарай неше топқа бөлінеді?
Неологизм дегеніміз не?
2. Орыс тілінен.
Что обозначает глагол?
Как называется главная значимая часть слова?
Что изучается разделе лексика?
3. Ағылшын тілі.
What cooler is the flag of Kazarhstan?
What is the official language of USA?
Where is Disneyland
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айту үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
IV. Қорытынды.
Тіл – халықтың рухы, тұтастай кескін келбеті. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру - әрбір елдің мақтанышы. Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат.Олай болса, ана тіліміздің мерейі үстем болсын.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ана, тілім!, бер, жасай, тілім, Туған
Просмотров: 195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar