Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жастай берген тәрбие жас қайыңды игендей
24.09.2015, 08:38
Орал қаласы,
М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп
Баяндамашы: Г.Ш.Ильясова
Баяндама уақыты: 3-5 минут
Тақырыбы: «Жастай берген тәрбие – жас қайыңды игендей»

Кіріспе.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, кез – келген жағдайда өзара қарым – қатынас жасай алатын, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру үшін оңтайлы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, соның негізінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына баса назар аудару болып табылады.

Білім беру жүйесіндегі тәрбие бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Қазір еліміз өркениетті елдердің қатарына ену кезеңінде тұрса да, қоғам мүшелерінің рухани тоқырауына, қоғамдық сананың төмендеуіне жол беріліп отыр. Әбу Насыр Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» - деген екен. Осы қағида бүгінде шындыққа айналуда, өйткені, жағымсыз құбылыстардың көбеюі жастардың әлеуметтік мәселесінің өсуіне әкеліп отыр. Бүгінде мектептерде оқу – тәрбие жүйесі нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие беруде түрлі инновациялық әдіс – тәсілдер мен технологиялар сынақталып іске асырылуда. Өйткені бүгінгі кішкентай бөбектер - ертеңгі еліміздің болашағы. Жас шыбықтай майысқан бүлдіршіндердің адамгершілік, азаматтық - патриоттық, т.б. моральдық қасиеттері мектептен бастау алады, ізгілік дәндері олардың бойында мектеп кезеңінде егіледі. Мектеп - тәрбиелі отбасының үлкейген моделі.

Мектепте баламен тығыз байланыста жұмыс жасайтын сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің жұмысындағы байланыс аясы өте кең болуы керек. Сынып жетекшісі ұйымдастыру қабілеті шебер, бала жанын түсінетін мейірімді, иман жүзді, адамгершілігі мол, жаңашыл, ізденімпаз, терең ойлы, жан – жақты білімді, бойындағы бар қасиетті бала жүрегіне дарыта білетін ұлағатты ұстаз. «Сынып жетекшісінің оқушының өмірінде алатын орны қандай?» деген тақырыпта көп сыныптарға сауалнама жүргізген кезде көпшілігі сынып жетекшісі – оқушының екінші анасы деп жауап берген екен. Олай болса сынып жетекшісінің бірден бір міндеті өз сыныбындағы оқушыларды он саусағындай жақсы біліп, үнемі байланыста болу. Сынып жетекшісі бала мінезін әрқашан байқап, оның бойындағы психологиялық ерекшеліктерін зерттеп біліп отыруы шарт. Бала мінезіндегі жағымды және жағымсыз қылықтарды байқап, бағыттап отырғаны абзал.

Сынып жетекшісі ретінде оқушының мінез – құлық ерекшеліктерін қалай анықтауға болады?
Міне осындай бақылаулардың, диагностикалық зерттеулердің арқасында оқушының жан – дүниесін түсініп, оның алдағы жоспарларымен танысып отырғанда ғана алдағы қиындықтарды жеңуге болады.
Өзім бастауыш сынып оқушыларына жетекшілік ететін болғандықтан жаны нәзік, кез – келген сөзді жүрегіне жақын қабылдайтын балалармен жұмыстануда абай болуымыз керек деп есептеймін. Мысалы, оқушыдан: сенің ата анаңмен қарым – қатынасың қалай? Деп сұрағанымыз әбестік болар еді. Сондықтан жанұядағы ахуалды біліп отыру үшін «Менің баспанам» әдісін қолданып отырамын.

Бұл әдісті қолдану барысында оқушының ата – анасымен қарым қатынасын, оның көңіл күйін біліп, жан дүниесіне бір сәт үңілуге болады.

«Өзіңнің қалауың» әдісі бойынша салынған сурет бойынша оқушының арманын анықтауға болады.

Сынып оқушыларының мінезіндегі қиындықты жеңу және болдырмау үшін баланың күн тәртібінің да бақылауда болғаны дұрыс. Осы бағытта түрлі газет – журналдарға жазылу, үйірмелерге қатысу өте маңызды. Сыныбымдағы 24 оқушының 2-еуі шахматқа, 5 – еуі би үйірмесіне, 3 – суда жүзу, 1-екуі пианино курсына, 1-еуі мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысады.
Сынып жетекшісінің жоспарында ата – аналармен жұмыс та алдыңғы деңгейде болуы керек. Осы бағытта, ата – аналармен жеке кездесулер, оқушының үйіне бару, сынып жиналыстарын өткізу.т.б жоспарлы түрде орындалғаны жақсы.
Егер дәрі – дәрмекті қалай пайдалануды білмесе, яғни қолдану көрсеткіштерін, мөлшерін сақтамаса, мүмкін болатын сыртқы әсерлерді, дәрінің қауіптерін ескермесе ең қымбат деген дәрі де ағзаға қалағандай әсер етпес болар. Ал теріс қолдану ауруды асқындырар еді.

Менің сынып жетекшілік жолымда ұстанатын қағидаларым:
1. Қандай іс болмасын оны жоспарлы түрде жүргізу
2. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде, оны өзіңізбен бірдей деңгейге қойып қарау
3. Оқушымен жұмыстанған кезде оның әрбір ойына, пікіріне мән беру.
4. Жүрек жылуын баладан ешуақытта аямау
5. Сыныпқа үнемі жақсы – көңіл күймен кіру.
6. Мектеп психологымен, ата – анамен, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыстану
7. Жұмысымда бір ғана әдіспен әуестенбей, әдіс - тәсілдеріңізді өзгертіп отыру
8. Ешуақытта ұрсуға, жазғыруға асықпау.
9. Оқушының пікірін бағалап, тең дәрежеде сөйлесу
10. Орынсыз мақтау мен жазалаудан аулақ болу.

Баланың болашағына бей – жай қарамай, саналы тәрбие, сапалы білім беруде жалықпай еңбектенейік әріптестер. Сонда ғана «Жастай берген тәрбие – жас қайыңды игендей» сапалы болмақ.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: қайыңды, игендей, жас, тәрбие, Жастай, берген
Просмотров: 203 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar