Жасында жарқ еткен ғұмыр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жасында жарқ еткен ғұмыр
24.09.2015, 10:24
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы

Сабақтың тақырыбы: Жасындай жарқ еткен ғұмыр
І.Ұйымдастыру кезеңі
(Гимн орындалады)

ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер-күш пен ақыл-парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен-тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.

Назерке: Кезінде Орталық Азия мен Қазақстан жастар ұйымы қараған Түркістан Комсомолы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болуы, Бүкілресейлік Коммунистік Жастар Одағының Ғаниды КИМ-нің Шығыс елдері жастарының жетекшісіне сайлауы біртуар азаматтың соқпақты да тоқпақты өмір жолына айқын айғақ болса керек. Ауырдым деуге де арланған намысшыл жігіт науқасқа шалдыққанына да мойынсұнбаған сыңайлы. Алайда, асқынып кеткен өкпе дерті жас Ғаниды мәңгілік сапарға аттандырды. Өзекті өртеген өкініштің осынау дерті қазақ жұртының, оны айтасыз, бүкіл Шығыс халқының жүректеріне жазылмас жара салған.

Бахтияр: Мәскеу тұрғындары мәңгілікке кете барған Ғаниды үш күн аза тұтты. Балтық теңізінің 200 жауынгері құрметті қарауылда тұрды. Ғани Мәскеу орталығындағы Ваганьков зиратына жерленді. Осыдан-ақ Шығыс шамшырағы – Ғанидың өмір жолы кейінгі толқынға ұлағат болатынына ешқандай күмән келтірмес.Бойында ұйымдастырушылық, шешендік, табандылық, әділдік, адалдық, шыншылдық, әлсіздерге қамқорлық, қайсыбірін санамалап айтайық, асыл қасиеттер тоғысқан тұлға өнегесін ұрпақтарға үлгі етіп, рухани тәрбие беру – біздің азаматтық арымызға сын болып қала бермек.

Айша-бибі: Қазақтан шыққан жарық жұлдыз Ғани Қазалыда туған. Содан да Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеп, насихаттайтын Ғани музейі Қазалыда қоныс тепкен. Музей экспозициясымен танысқан адам Ғанидың жастығына қарамастан ауыр кезеңдерде атқарған жұмысымен, оның қайрат пен намысқа толы рухымен тілдесе алады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыру мен рухани тәрбие беру жолында Ғани Мұратбаев атындағы мемориалдық музей ұжымы Ғани мен ол туған аймақ тарихы туралы деректер жинап, музей қорын тың жәдігерлермен толықтыруға, жастарды Ғани рухында тәрбиелеуде ауқымды насихаттық жұмыстар жүргізіп-ақ келеді. Музей үйін шартты түрде алғанда Ғанидың қайнап тұрған қара қазаны десек, ондағы жәдігерлер – халқымыздың рухани қазынасы.

Нұрбол: Бір құптарлығы, уақыт өткен сайын тың жәдігерлермен толығып, Ғанидың азаматтық тұлғасы ашыла түсуде.Ағымдағы жылы Ғани музейінің ашылғанына 40 жыл толып, торқалы тойы болып өтті. Осы жылдар шеңберінде музейдің керегесі кеңейіп, шаңырағы биіктеп барады. Кезінде музейдегі жәдігерлер саны бары-жоғы 200 болса, бүгінде 5500-ге жетіп отыр.

Гүлжанат: Әрбір жыл сайын музеймен танысып, Ғани рухына тағзым етушілер саны 17 мыңға жуықтайтын көрінеді. Шығыс шамшырағының музейін материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында жыл сайын мемлекет қаржысы бөлініп, бірнеше рет экспозициялық жұмыстар жүргізілген. Өткен жылы мұражай қызметкерлері Ғани туралы жазылған өлең-жырлар мен дастандарды жинақтап, “Мен – Ғанимын!” атты жинақ шығарды. Музей жәдігерлерін молайту мақсатында музей қызметкерлері соңғы жылдары Алматы мен Мәскеу қалаларында болып, тың туындылар алып келген. Бүгінде Ғани музейінің экспозиция залдары жаңартылып, келушілерге сегіз экспозициялық, бір көрме залы, екі қор сақтау бөлмесі қал-палсыз қызмет көрсетуде. Ғанидің өмірі мен қоғамдық қызметін көшпелі көрмелер ұйымдастыру мен лекциялар оқу арқылы да насихаттау дәстүрге айналған.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жасында, жарқ, ғұмыр, еткен
Просмотров: 142 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar