Жеңіске рух берген әндер - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жеңіске рух берген әндер
24.09.2015, 10:31
Тақырыбы: «Жеңіске рух берген әндер»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

Көрнекіліктері: Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған бильборд.
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 65 жасқа толды міне.

Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,
Жеңіс күні біз бүгін ән саламыз.

Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 мамыр Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Келесі құттықтау сөзді Майлыбас ауылдық округінің әкімі Рахметов Шудабай ағайға береміз.
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. 2. 3.
Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі және ұпайы бірден хабарланады.
Жоғарғы ұпайы -10
Төменгі ұпай – 5
І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.

Таңданайық өнерге тамсанайық,
Биші – Бақнұр ортада қарсы алайық.
Шабыттансын, көңілі көтерілсін
Өнерліні мадақтап жар салайық.
Би:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!

«Отаным» орындайтын 5 сынып оқушысы Абылай Әсем

Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.

«Мәншүк» орындайтын 6а сынып оқушысы Өмірзақов Ерлан

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?
«Қазақстан елі» орындайтын 9б сынып оқушысы Жәуміт Ақтоты.

Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
«Сарбаздар « орындайтын 7б сынып оқушысы Мықтыбай Фатима

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
«Атамекен» орындайтын 9асынып оқушысы Өмірзақов Дінмұхамед

Қыр қызы орындады, берген антты,
Халқына адал болу ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты
«Мәншүк туралы жыр» орындайтын 6а сынып оқушысы
Зинелбай Арайлым
Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім,
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!
10 сынып оқушысы Төлепбергенова Айгерімнің орындауында «Саржайлау» әні

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
6б сынып оқушысы Нұрмағамбетов Әлібидің орындауында
«Егеменді ел Қазақстан» әні

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-елең.
«Катюша» орындайтын 8а сынып оқушысы Муса Зарина

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
«Қазақ жігіттері» орындайтын Болатбек Кенжебек

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
10 сынып оқушысы Ізенова Перизаттың орындауында
«Синий платочек»
Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
«Атамекен» орындайтын 5 сынып оқушысы Жәуміт Айшабибі

Батыр болған бабалар
Ел бастаған даналар
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздар қазақтың сарбаздары
«Сарбаздар » әні орындайтын 8б сынып оқушысы Жұмабай Дәуірхан.
Астанам –нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
«Астана» орындайтын 9а сынып оқушысы Тынысбек Қарлығаш

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
«Қазақ жігіттері» орындайтын 9б сынып оқушысы Қанатбай Құрманғазы
Бейбітшілік жанымыздың
Гүл саясы шешек атқан
Ырғағы ол әніміздің
Көгершіндей қанат қаққан
«Ақ көгершін» әні орындайтын Нұрберді Айжан

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
«Тәуелсіз қазақ елі» орындайтын Жаңабай Нұртуған
Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Рух, әндер, Жеңіске, берген
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar