Желбіре, Жеңіс жалауы! - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Желбіре, Жеңіс жалауы!
24.09.2015, 13:37
1 сынып
“Желбіре, Жеңіс жалауы!” танымдық сынып сағаты
Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.
. оқушыларды соғыс туралы мағлұматпен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
. үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, альбомдар, буклеттер

Жоспар:
1. Кіріспе сөз.
2. Ұлы Отан соғысының басталуы (слайд көрсету)
3. Қазақстандықтар соғысқа қалай аттанды? (слайд көрсету)
4. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында (слайд көрсету)
5. Топпен жұмыс: Ерлік, Отан туралы мақал - мәтелдер сайысы
6. Бауыржан Момышұлының сөзін тыңдау.
7. “Ардагерлер ұрпағымыз” соғыс ардагерлері туралы әңгіме.
8. Жеңіс туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу және “Бейбіт өмір”сурет сайысы
9. Ән сайысы:«Жойылсын соғыс»,«Соғыстан қайтқан солдаттар»
10. Қорытынды. “Тілек шамын”жағу

1. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! “Желбіре, Жеңіс жалауы!” атты танымдық сынып
сағатына қош келдіңіздер!
1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германияның қара бұлттай қаптаған қалың қолы Кеңестер Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Олардың мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын. Ал Совет Одағы тарапынан әділетті, жерін, елін қорғаған, азаттық отан соғысы болды. “Ұлы Отан соғысы” ұғымы 1941 жылғы шілденің 3 - інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды.
“ Ел басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен”
ауыр сын кезеңде біздің жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі
қан майданнан оралмады. Хабар - ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім
қалғандары аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің
әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

2. Ұлы Отан соғысының басталуы
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық - шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз әскер қатарында қызмет етіп жүрген, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл талқан
етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғау - шылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 Қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі Беларусь жерінде қалған.

3. Қазақстандықтар соғысқа қалай аттанды?

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың
түкпір - түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша біздің республикамызда 6 млн. 200 мың адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 млн. 196 мың 164 қазақстандық соғысқа аттанған.

4. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль - ордендермен марапатталса, 500 - дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100 - ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақ қыздары - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш, атқыш – штурман - Атыраулық Хиуаз Доспанова да бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал Кеңес Одағының Батыры танымал қолбасшы, екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті әскери жазушысы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Желбіре, жеңіс, жалауы!
Просмотров: 256 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
avatar