Желтоқсан ызғары - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Желтоқсан ызғары
24.09.2015, 10:36
Тақырыбы: Желтоқсан ызғары

Мақсаты: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа
патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін, авторларын білу, қастерлеу.

Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері, Н. Ә. Назарбаев суреті, желтоқсан оқиғасына
қатысушылар суреттері, М. Шахановтың ескерткіш басында сөйлеп
тұрған суреті, Қ. Рысқұлбековтың ата – анасы суреті. Кітап көрмесі.
Нақыл сөздер.

Барысы: («Желтоқсан желі» музыкасы ойнап тұрады)
Кіріспе сөз. 1 - слайд 20 - жыл логотип
– Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 70 жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті, желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні болды. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылдаған халықтың ар – намысы таразыға салынған кез еді. Сын сағатта дүлей көшке қаймықпай қарсы шыққан жастарымыздың ерен ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
Сол желтоқсан құрбандарын бүгін 3 класс оқушылары құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді.
Әдеби монтаж. 2 - слайд тақырып
М. Айым: 3 - слайд «Бүркіт пен бала»
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын»
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген!
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып.
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен – мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім!

Ерсін: Қонаев 4 - слайд
Рухсыз ұлт – ұлт емес. Оны тарих баба дәлелдеген. 80 – жылдардың аяғында біздің халқымыздың рухы өлшеусіз өсті, мұхиттан буырқанып жатты. Тәуелсіздіктің желі үздіксіз соғып тұрды.

Альмира: 5 - слайд Қонаев желтоқсан
1986 жыл. Желтоқсан атты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: ызғары, Желтоқсан
Просмотров: 141 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar