Жер кіндігі-Байқоңыр - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жер кіндігі-Байқоңыр
24.09.2015, 15:52
Тақырыбы: Жер кіндігі-Байқоңыр.
Мақсаты:
Әдісі:
Көрнекілігі:
Барысы.
Қазір адамзат өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуірінде
Ю. Гагарин алғаш ұшқанда, ешкім де дәл бүгінгідей, жаңа технологиялар шығып, ғарыштан бақылайтын заман болатынын білмеген. Ғарышты игеру өмірдің барлық саласына жаңалық әкелді.. мәселен, ауыл шаруашылығын дамуы үшін, ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткіліктігі бақылануы тиіс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады.
Жалпы Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерісін, атмосферасын зерттейді. Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.

Ой-қозғау: Ғарыш дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Слайд, суреттер көрсетіледі.
Адам ерте кезден –ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан. Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?

1-оқушы:Негізі ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағына жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.

2-оқушы: Ғарыш құрал-жабдықтары Жердің табиғи серігі-Айды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз-ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам Айға тікелей барып та қайтты.
3-оқушы: Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.
4-оқушы: Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан (сұрапыл дауыл, құрғақшылық т.б.) алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.
5-оқушы: Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын кеңінен пайдалануда.

Балалар, біздің Қызылорда облысында ғарыш айлағы бар екенін білесіздер. Енді жер кіндігі –Байқоңыр туралы білетін ақпараттармен бөлісейік.
6-оқушы: Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жәннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап, туған топырағы-Сыр өңіріне қайта келеді. Сонда «бұл жер-жердің кіндігі» депті. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүріпті. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған.
7-оқушы: Ғарыш айлағына айналатын жер біріншіден, экваторға жақын орналасуы тиіс. Екіншіден, оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегі Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темір жол өтіп,солтүстік-батыс шалғайда кең жазық дала жатуы тиісті еді. Байәқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келді..

8-оқушы:биыл әлемнің ең бірінші ғарыш айлағы-Байқоңырдың құрылғанына 56 жыл. Ал адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 51 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталғанды. Алғашқы зымыран 1957 жылы тамызда ұшырылды. Бұл өңірден
Ю. Гагарин, Н. Леонов, Г. Титов, а. Лавейкин, Т. Әубакіров, Т. Мұсабаев сынды ғарышкерлер аспан әлеміне саяхат жасады. Олардың әрбір сапары қоғамға берген пайдасымен тарихта қалды.
9-оқушы: 1994 жылы Байқоңыр космодромын Ресейге жалға беру мерзімі 20 жылға деп есептелсе, 2004 жылы қаңтар айынан бастап 50 жылға дейін болып мерзімі ұзартылды.

Бүгінде жоғары оқу орындарының бірқатарында «Радиотехника, электротехника және телекоммуникациялар», «Радиобайланыс және радионавигация», «Жылжымалы байланыс құралдары мен жүйелер байланысы», «Радиобайланыс, радиохабарларын тарату және теледидар», «Көп арналық телекоммуникациялық жүйелер» мамандықтары оқытылады. Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиация институты филиалында ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасымен 45 талапкер білім алуда. Бұл оқу ордасы ғарыш техникасының тілін білетін инженер мамандарын даярлайды.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Жер, кіндігі-Байқоңыр
Просмотров: 249 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar