Жігерлі бала ер болар - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жігерлі бала ер болар
24.09.2015, 10:45
Тақырыбы: Жігерлі бала ер болар.
Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, тіліне, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттыру.
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсете, отырып оны құрметтей білуге, өнерде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтап, тілді сүюге құштарлығын
арттыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар, интерактивті тақта, таратпалар, асықтар

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тынышталдырып, сабаққа назарын аудару.
Кіріспе сөз.
Наурыз – жаңа күн деген сөз. Яғни, бұл күні біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келеді.
Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып, құшақтасып құттықтайды. Бұл күні ешқандай реніш болмауы керек.
Ұлыстың Ұлы күні жаңа күн болғандықтан, қуаныш той барлығы осы күні басталуы тиіс. Мысалы: Тұсау кесер, атқа мінгізу, тілашар тойы осы күні басталады.
Яғни ұстаздар, ата - аналар! Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, біз бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында барлықтарыңызды 3 «Ә» сыныбында өткізілгелі отырған «Жігерлі бала ер болар» деген ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші. – Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Көңілді кеш жасайық
2 - жүргізуші. Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа баға беретін Әділқазылар алқасын сайлайық.
1 - жүргізуші. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
1. Таныстыру
2. «Көңіл ояу, көзі ашық» Сұрақ - жауап
3. «Өнерлі өрге жүзер» Жігіттеріміз өнер көрсетеді.
4. «Мақал сөздің атасы» мақал - мәтел айту. Өздері ұяшық таңдап
тақырыпқа байланысты айту.
1) Еңбек 2) Отан, туған жер 3) Табиғат 4) Оқу, білім 5) Тіл және сөз.

5. «Асық ойнаған озар» Асық ату ойыны. Әр асыққа 1 ұпай алады.
6. «Батаменен ер көгерер» Әр тақырыпқа сай бата айту.
1) Нәресте сәбиге 2) Дастарханға 3) Тұсау кесу. 4) Сүндет тойға 5) Наурызға байланысты

2 - жүргізуші. Қазақпыз қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз ұл өсірген шырқап жүріп
Қазақпыз құс та салып ат жаратқан.
Сайысқа түскен және тұлпар мініп.

1 - жүргізуші. Жалғастырған мұраны,
Ел жұртының, қорғаны.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Қазақтың сұлтан ұлдары!
Сайысқа түсетін ұлдарымызды ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші: 1) Өтепберген Айбек.
2 - жүргізуші: 2) Байғара Дастан
1 - жүргізуші: 3) Нұрлан Еркебұлан
2 - жүргізуші: 4) Балтабаев Орынбасар
1 - жүргізуші: 5) Талғатов Нұрбақыт
2 - жүргізуші: 6) Жеткерген Нұрдәулет
1 - жүргізуші. 1) Таныстыру
2 - жүргізуші. 2) «Көңілі ояу, көзі ашық»сұрақ - жауап.
1-сұрақ. Наурызшешек деген не? – Наурызшешек Наурыз айында өсетін жапырақты түрлі түсті гүлді, қауашақты әсем шөп.
2-сұрақ. Наурыз көже қалай, қай кезде дайындалады? – Наурыз тойына көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны жеті түрлі дәмнен қосып жасайды.
3-сұрақ. Наурызнама деген не? – Наурызнама шат - шадыман ойын сауық. Тойда ат жарыс, күрес, ән айтады. Т. б ойындар ойналады.
4-сұрақ. Ұйқыашар деген не? – Наурызнамада қыздар жиналып ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағам жасап жігіттерге ұсынады.
5-сұрақ. Жеті қазынаны ата?
6 - сұрақ. Наурыз қандай ұғым білдіреді? - Парсы тілінде ʺнау - жаңа, ʺрузʺ - күн деген ұғымды білдіреді.
1 - жүргізуші. 3) «Мақал - сөздің анасы» Тақырып таңдап, сол тақырып
көлемінде мақал - мәтел айту.
2 - жүргізуші. 4) «Асық ойнаған азар Асық атып ойнау.
1 - жүргізуші. 5)»Батаменен ер көгерер» Тақырып таңдап, сол тақырыпқа сай бата беру.
Әділқазылар баға беремін дегенше, сыныбымыздың оқушыларға наурызға байланысты шығарған өлеңдерін, шығармаларын тыңдайық.

Қорытынды. Марапаттау.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: болар, Жігерлі, бала, ЕР
Просмотров: 169 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar