Жігіт сұлтаны - 2013 - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жігіт сұлтаны - 2013
24.09.2015, 15:19
Жігіт сұлтаны - 2013

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық салт - дәстүр негізінде білімдерін кеңейту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, Ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздер бүгін "Жігітке жеті өнер де аз" атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, біздің салт - дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, шеберліктерін, онымен қоса білімділіктерін көрсетеді. Олай болса, жігіттерімізге сәт - сапар тілей отырып, "Жігітке жеті өнер де аз" атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.

1 - жүргізуші:
Қайсысы күйші?
Кім биші?
Талабына қарайық.
Кімдер зерек?
Кім жылдам?
Таланттарын табайық.

2 - жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, енді сайысқа түсетін жігітгерді қол СОҒЫП қошеметтеп шақырайық.
1 - жүргізуші:
Білімді, өзі алғыр жан - жақты,
Ақыл десе өз - өзіне айбынды.
Тәрбиешісі мына біздің 7 «А»- ның
Ортамызға шақырайық Абзалды.

1 - жүргізуші:
Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Алдарыңызда өз палуан, күрескер,
7 «Б»- ның тәрбиешісі Әділбек

2 - жүргізуші:
Жақсы жігіт, өнері бар талапты,
8 «А» ны өзі қалап, таңдапты,
Шындық үшін шырылдайды, ұлт жанды,
Шақырайық ортамызға Нұржанды.

1 - жүргізуші:
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерімен тамсандырған талайды.
Талай қыздың жүрегін ол жаралар,
Шақырайық 8 «Б»- дан Еркебұланды.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: 2013, сұлтаны, Жігіт
Просмотров: 137 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar