Жігіттің сұлтаны - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жігіттің сұлтаны
24.09.2015, 15:27
Жігіттің Сұлтаны бағдарламасы
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Пародия. (Белгілі бір жұлдызға еліктеу)
3. Қызға деген өз сезімін жеткізе білу.
4. Ән байқауы.
5. Өз өнерін көрсету.
6. Салат жасау.
7. Батпан көтеру.(20 - сек)
8. Би байқауы.
9. Викториналық сұрақтар

Қатысатын сыныптар...................... Әр сыныптан 1 - жігіттен қатыса алады.
Өткізілетін уақыты..................................................

Жігіттің сұлтаны.
1 - оқушы:Секемдеу көріне ме жүрістері,
Мектепке аян еді - ау мың істері.
Ассалаумағалейкум келе жатыр,
Ағайын ауылымыздың дүлділдері.

2 - оқушы:Сайыс десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын жігіттерді бүгінгі,
Қарсы алайық қошаметпен бәріміз.

1 - оқушы:Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,
Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.
Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,
О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.

2 - оқушы:Болғалы жатыр сайыс көптен күткен
Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,
Ауылымыз жастардан үміт күткен,
Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.

1 - оқушы:Арайлап атса келешектің ақ таңы.
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.

2 - оқу.
Қайырлы күн! құрметті ағайын, туыс, бауырлар және бүгінгі кештің көрермендері. Бүгінгі “Ұлдар”ұйымының ұйымдастыруымен өткелі отырған “Жігіттің сұлтанын” анықтауға қош келіпсіздер демекпіз.

1 - оқу.
Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді -
Өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?
Ұл қызың ел ішінде жақсы атанды,
Арайменен қарсы алып, әр ақша таңды.
Абыройы ауылымыздың асқақтасын,
Арнасын................................... ағай жігіттерге ақ батасын деп, ауылымыздың ақсақалдар алқасы................................................................. атадан бата тілейік.

2 - оқушы:Құрметті көрермендер, енді бүгінгі сынға түскелі отырған жігіттерімізбен таныс болыңыздар.

Жігіттер бір - бірден жеребе алып кете барады.

1 - оқушы:Сәлем бердік сіздерге төрағалар,
Әділдікпен қойылсын бал - бағалар.
Биссимилда деп бастайық сайысымызды,
Аруағы бабалардың қолдап алар, дей келе, сайыс заңы бойынша әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
.................................

1 - оқушы:Тәуба сөзін айтып жігіттер бастасын,
Тәуекел деп сайысқа бел байлапты.
Рұқсат болса, ағайын кезекті енді,
Берейік сұлтандарға, таныстырсын өздерін - өзі.

Таныстыру (әр үміткер өздерін таныстырады).

2 - оқушы:Пародия - өнердің бір саласы,
Сол өнерге әркімнің бар таласы.
Пародия - жаңа туған жас сәби,
Көпен деген, ағамыздың баласы.
Пародия (белгілі бір жұлдызға еліктеу).

1 - оқушы:Жүрегімді жаралады бір адам,
Қандай жаман күліп жүріп жылаған.
Қайырылмастай қол созамын өзіңе,
Көлеңкеңді көргеніме қуанам.

2 - оқушы:Аруларға сырларыңды аз ұққыз,
Қыста өтер, жырын жазып жетер күз.
Ғұмыр бойы сүйем деме алдама,
Сеніп қалып жылап өтер, нәзік қыз.
Қызға деген өз сезімін жеткізу.

1 - оқушы:Ән - көңілдің ажары,
Думан тойдың базары.
Әнге аусын бір мезет,
Көпшілік қауым назары.
(Ән байқауы).

2 - оқушы:Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік
1 - оқушы:Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын. (Өз өнерін көрсету).

2 - оқушы:Жігітке жеті өнер де аз деп бекер айтылмаған. Қазіргі заман жігітіне ас дайындау, оның ішінде салат жасай білу артық етпейді.(Салат жасау).

1 - оқушы:Құйылып қуат кенеттен,
Қарысып мойын еттері,
Келбеті оқыс бұзылып.
Күштенген кезде ақ тістер,
Кетпесе болды, морт сынып.
(Батпан көтеру (16 кг 20 - сек))

1 - оқушы:Ал жігіттер ән мен күйге ғашықпыз біздер,
Күтеміз күн шыққандай, сый - лебіздер
Неге сонша жабығып отырсыздар,
Қанеки шығыңыздар, билеңіздер.

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: сұлтаны, Жігіттің
Просмотров: 196 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar