Жолда жүре білесің бе, балақай? - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жолда жүре білесің бе, балақай?
24.09.2015, 11:22
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі
Енсегенов Калыбай

Жолда жүре білесің бе, балақай?
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.

Тәрбиелік: тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- Балалар, бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелері қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау.
- Ендеше, балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көшеде жүру тәртібі.
- Көшеде жүру тәртібі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жаяу жүргінші, тротуар, жол белгілер, машиналар, бағдаршам, инспектор, қиылыстар
- Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 3 топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.

1 – оқушы: (бағдаршам болып киінеді)
Бағдаршам аты,
Көп көзі бар батыр.
Тоқ болған мен заты,
Өзінде көп ақыл.
Тұрады ол дәйім,
Бұрышында жолдың.
Қиып өткен сайын,
Қарайтұғын балғын.
- Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?

- Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларды дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие болды.

- Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.

Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген, - деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

• САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ

1. Өз орныңды тап.
2. Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
4. МАИ емтиханы.
5. Сен білесің бе?

• 1 - КЕЗЕҢ
1 – кезең бойынша «Орнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.
Қызыл топ
Сары топ
Жасыл топ
1 – кезең бойынша әділқазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер

• 2 – КЕЗЕҢ
Мұғалім:
- Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады?
- Реттеуші инспектор қызметкерлері ала таяғымен тұрады.
- Ендеше келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» Өздерің қалап алған ұпай сандар бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер?

1. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!) 5 ұпай
2. Мына белгі нені білдіреді? (Қозғалысқа тыйым салынады) 5 ұпай
3. Сымға асылып, жүр асығып (Троллейбус) 10 ұпай
4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар, қандай телефондарға қоңырау шалады?
(өрт сөндіру – 101, жедел жәрдем – 103 полиция 102 нөміріне қоңырау шалады) 10 ұпай
5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түсеміз? (алдыңғы есіктен түсіп, артқы есіктен мінеміз) 15 ұпай
6. Мына белгі нені білдіреді? ( Жол беріңіз) 15 ұпай

2 – кезең бойынша әділқазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер

• 3 - КЕЗЕҢ
Мұғалім:
- Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз. Бұл бөлімімізде топ басшылары сайысқа түседі. Өздерінің таңдап алған белгілері бойынша белгілерді тауып, жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

Құрметті әділқазылар жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберсеңіздер.

Ескерту белгісі: Өзі қызыл, үшбұрышты,
Ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарды жолдаған.
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған

Тыйым салу белгісі: Қызыл мен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жақта.

Көрсеткіш белгісі: Баратын сапардың қашығын тұрағын,
Үн - түнсіз жан сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнді де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

Мұғалім:
- Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек?
- Жүргізуші куәлігі.
- Ендеше келесі 4 – кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ емтиханын сәтті тапсырсаңдар, МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

4 – кезең МАИ емтиханы. Сауалнама
1. Жүргіншілер деген кім?
А. машина жүргізетін адамдар
В. көшеде жаяу жүрген адамдар
С. белгілер

2. Мына белгі нені білдіреді?
А. кіруге тыйым салынады
В. басты жол
С. жол беріңіз!

3. Көлік келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А. болады
В. болмайды
С. білмеймін

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүре, Жолда, балақай?, білесің, БЕ
Просмотров: 306 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar