Жыр дүлділі, күй күмбірі - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жыр дүлділі, күй күмбірі
24.09.2015, 15:45
Сабақтың мақсаты: Жергілікті ақын әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар беріп, таныстыру арқылы балалардың қызығушылығын ояту. Ақынның күйлерін тыңдату, күйшілік өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Әнұранымызды құрметтеуге, туған жерімізді қастерлеп сүйе білуге үйрету. Әр бүлдіршінді өз елінің патриоты болуға баулу. Ақын шығармаларынан үзінділер оқу арқылы балалардың ойларын ұштау, тілдерін ұстарту, қиялдарын дамыту.
Көрнекті құралдар: Ақынның отбасылық суреттері (слайд арқылы )
Ақынның кітап көрмесі. Көрініске байланысты киіз үй жабдықтары.

Желтоқсанның қара бұлтты қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде лек - легімен шеру тартқан қазақ жастары бір ұранды аспандата шырқап еді. Ол қай ән, қандай ән екені естеріңде ме? Естеріңде болмаса еске сала кетейін. Ол «Менің Қазақстаным» - әні біздің мемлекетіміздің ән ұранына айналды.
Таспадан әнұраны орындалады.
- Балалар осы «Менің қазақстаным» әнінің авторы кім екенін білеміз бе?
- Балалардың жауабы:
Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Н. Ә. Назарбаев, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: 1955 жылы «Менің қазақстаным» - әні дүниеге келгенде ақын Ж. Нәжімеденов күндердің күнінде осы әннің ән ұранға айналарын білді ме екен? «Менің елім, менің жерім» деп жырлаған Тәуелсіздік тұғырына отырар күн боларын білді ме екен? Заман ағымына қарай ән ұран автордың бірі елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Менің қазақстаным» әнінің кейбір шумақтарына өзгерістер енгізіп, әнұран авторы атанды.
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіздік елім бар – деп

Жүрек тербей, әуелей шырқалатын әнұранымыз алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Елбасымызды қайта сайлап алғанда шырқалып еді. Ал, бүгін біз ашық тәрбие сағатымызда әнұран авторлардың бірі ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты үстіміздегі жылы туғанына 75 жыл мерей тойын тойлап жатқан жерлес ағамыз «Жыр дүлділі, күй күмбірі» Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арнамақшымыз.

«Менің елім, менің жерім» деп жырлаған Жұмекен ақынның 75 жылдық туған күніне орай жер – жерде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жақында ақын құрметіне өзінің туған ауылында ескерткіш тақта орнатқан. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы мен ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Осы мерей той қарсаңында азда болса үлесімізді қосу мақсатында балаларымен Жұмекен атамыздың өмірімен шығармашылығына үңіліп, танысып едік.
Қазір Эльнара қызымыз Жұмекен атамыздың өмір жайында білгенін айтып берсін.

Эльнара: Ж. Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сабыржанұлы Отан соғысында қаза табады да Жұмекен атасы Нәжімеден мен әжесі Бақытжамалдың тәрбиесінде болады.

Жүргізуші: Нәжімеден Қартұлы Сабыржан соғыстан аттанарда сорға апарып, табанның ізін бастырып алған екен. Жаңбырда із жоғалмасын деп үстіне қазан төңкеріп қойып, ұлын сағынғанда сол ізге қарап мұңын басса керек. Немересі сол ұлынан қалған із деп өте жақсы көреді. Жұмекен атамыздың тәрбиесіне зор көңіл бөледі.

Әжесі Бақытжамал да өте ақын кісі болған. Жалғыз ұядан қалған із деп өбектесе де, еркелетіп өсірмепті. Ата сөзін жастайынан санасына құйып өскен Жұмекен сабырлы да салмақты жігіт болып өседі. Мінезі ұяң салмақты жас жігіт өлең жазумен мектепте оқып жүргенде – ақ айналысқанымен өлеңдерін ешкімге көрсетпей жасырын жазады. Жұмекен атамыз қазақтың нағыз сегіз қырлы бір сырлы жігіт болған. Өлең жазған орыс тілді шығармаларды қазақ тіліне аударған, роман жазған.
Балалар Жұмекен атамыздың тағы қандай қырларын білеміз? Асылан айта қойшы.
Асылан: Жұмекен атамыздың тағы бір тамаша өнері – оның күйшілік өнері болған. Оны домбыраға үйреткен. Атасы оның сазға, әуенге деген әуестігін ерте танып, оны күйшілік өнерге баулыды.

Жүргізуші: Күйшілік өнер болашақта ақын өмірінде үлкен рөл атқарады. Мектепті бітірген соң 1 жыл жұмыс жасаған. Жұмекен сол кездері Алматыға жоғары оқу орнына түсуге аттанады.
Көрініс: Ақынның өмірінен көрініс, балалардың сахналауында.

Атасы: Қарағым мынау із менің жалғасым. Осы іздің жалғасы сенсің. Қай заманның да ұйытқып соғар желі қармен жаңбыры болады балам. Сол дауылда мына із жоғалуы мүмкін. Сондықтан мына із өшпеу керек. Ол із сенсің айналайын. Ұқтың ба? Есіңнен ешқашан шығарушы болма. Жадыңда күй жүрегінде ұста. Бұл жерді бөтен аяқтарға, теріс ниетті адамдарға таптатпай бабалардың өткен әкең де сол үшін шаһит кетті. Елдің азаттығы үшін әділетті жеңіс үшін жан берді. Бізді қойшы асарымызды асап, жасарымызды жасадық.
Ал сенің өмірің алдыңда. Сол өмірдің қар мен жаңбырына төтеп беруің керек.
(қолын жайып)
Оқимын деген талабың оң болсын,
Бұл сенің елің, сенің жерің.
Бұл сенің Қазақстаның!
Жорытқанда жолың болсын! Аумин!
Әже: Жолың ақ болсын, құлыным деп, жол дорба береді. Анасы домбыраны беріп, маңдайынан әжесі сүйеді.

Жүргізуші: Осылайша Жұмекеңді ақ батасын беріп, атасы мен әжесі Алматыға шығарып салады. Алғашқы жылы барғанда оқуға түсе алмай қалған. Жұмекен Қарағанды қаласына барып, көмір қазатын шахтаға жұмысқа орналасады. Жұмекен атамыздың күйшілік өнеріне тәнті болған шахта басшылары «қой мынадай талантты шахтада ұстағанымыз болмас» деп оқуға жолдама береді.
Талантты домбырашы Жұмекен атамыз көп ұзамай консерваторияның халық аспаптар бөліміне оқуға түседі. Бірақ 1 курс оқығаннан кейін бір жола өлең жазумен айналысып ақындыққа бет бұрады. Ұлтжанды, Отан сүйгіш ақын атамыздың қаламынан еліне, жеріне деген ыстық махаббаты киелі шаңыраққа деген сағынышын «Дала», « Туған жер», «Қошалақ тауы», «Менің Қазақстаным», «Ақ шағыл», «Менің топырағым», - деген сияқты көптеген шығармалар туады. Өшпес туындыға айналады. Қазір Жандос пен Малика, Медет пен Данабек осы өлеңдерден үзінді оқып береді. ( оқиды) Сөзін жазған; Ә. Ысқабай, әнін жазған; Т. Бейсембек «Ақ бесігім» - әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің«Жыр дүлділі, күй күмбірі» атты тәрбие сағатымызға тобымыздағы Аружан қызымыздың атасы Сансызбай Базарбайұлы қонаққа келіп отыр.
Қош келдіңіз!

Сансызбай атамызда Жұмекен атамыз сияқты ақын, өлең жазады. Осы өлеңдеріңіз туралы біздерге әңгімелеп берсеңіз. Сансызбай атамыз сөз алып, өзінің өлеңдері жайлы айтып береді.
Балалар Сансызбай атамызға арнап «Жас ұландар жыры» әнін айтып, сыйлықтарын береді. Атамыз балаларға батасын беріп қоштасады. Балалар өз дауыстарымен «Менің қазақстаным» - гимнін айтып береді.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: күмбірі, күй, жыр, дүлділі
Просмотров: 234 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar