Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
24.09.2015, 13:07
- Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 82 жасқа толуына орай ұйымдастырылған ЖЫР ЖҮЙРІГІ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ атты әдеби - сазды поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер!
Слайд. Өмірбаяны

- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ. Өлеңдер

- Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галереясы. Ән: Музыкасы Нұрғиса Тілендиевтің Саржайлау әнін Тілепі Ақтотының орындауында тамашалаңыздар!

- Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр боялардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Кезекті ақын туралы айтылған пікірлерге береміз.

- Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,-
деп жырлап, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызды жаңғырған жыр жолдарына тағы бір мәрте құлақ түрелік.
Ән: Музыкасы Тұрсынжан Шапайдың Оразғалиева Сандуғаштың орындауында Туған өлке әнін тамашалаңыздар!

- Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды тәнті етті. Оның «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сынды поэма - дастандары бар. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге бөлейді. Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп жырлай білген. Ендеше осы поэмадан шағын көрініс тамашалайық.
Тілепі Ақтотының орындауында Бақыт деген әнін тамашалаңыздар!

- Артық едің аға, сен асылдардан,
Өзің жайлы шертеді сыр ғасыр маған.
Астыңа ат мінгізе алмасам да
Өлеңіммен жасай алам бір той саған.
Олай болса, кезекті бүгінгі толқындардың Мұқандай заңғар аталарына аталарына арнаған жыр - шумақтарына береміз!

- Алтын хорда ақынның өз даусымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті Мұқаңның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.
- Найзағайдай жасымда жарқылдайын,
Сөз сөйлеуден шаршы алаңда тартынбайын.
Ақындарың көбейе берсін орақ ауыз
Қазақтың мұңын айтқан Мұқандайын.

Күнді көрем қашанда алып таңнан,
Сәуле туар тулаған жарықтардан.
Еске алып ұрпағы ақындарын
Биігіне көтеріп, ұлықтаған.

Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспанға!

«Батырды - батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
Бақытты күндерде кездескенше.
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: жүйрігі, Мақатаев, Мұқағали, жыр
Просмотров: 181 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar