Өзімді өзім танумен өсіп келем - Тәрбие сағаты - Ұстаздарға көмек - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұстаздарға көмек » Тәрбие сағаты

Өзімді өзім танумен өсіп келем
24.09.2015, 10:44
Тақырыбы: Өзімді өзім танумен өсіп келем...
Мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу, өзін - өзі танып, өмірдің мәнін түсінуге, өмірге құштарлығын дамыту
Тәрбиелік мәні: адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз – өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: «Ізгілікке бастар жол» стенд, шарлар, нақыл сөздер, С. Назарбаева туралы кітап бұрышы.

БАРЫСЫ
Жүргізуші.
Құрметті жас достар!
Мектебімізде 1 - 11 ақпан аралығында Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай «Алтын жүрек» атты онкүндік өтетінін хабарлаймыз. Бұл күндері сіздер өздеріңізді жан - жақты танытуға, өзгені тануға және өмірдің кез-келген жағдайында түрлі салаларда өздеріңді сынап көруге мүмкіндік берілуде. Сіздердің қабілеттеріңіз бен ішкі мүмкіндіктеріңіздің ашылуына барынша жағдай жасалуда. Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамыз. «Өзімді өзім танумен өсіп келем» атты онкүндіктің ашылу салтанатына қош келдіңіздер.
Өміріме өзімнің таңданамын.
Қалмаймын деп қатардан қамданамын
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеңіме жеңіспен аттанамын. Олай болса, кезекті әнге береміз.
«Егеменді Қазақстан» әнімен ортада Сражаддин Ғани.

Жүргізуші.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұйымдастыруымен 1992 жылы «Бөбек» қоры құрылған. Бұл қор 7 жасқа дейінгі балаларды қамқорлыққа алып, олардың әлеуметтік жағынан қорғалуына көмектеседі.
«Өзіңді - өзің тану - рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы - болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін - өзі тану» білім жобасының авторы. Ол 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Жалпы адамзат өмірі - іс - әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастан тұрады.

Орынбасар
Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым.
Өмір деген - қымбат екен достарым.
Өмір - менің жарқылдайтын аспаным.
Өмір - менің сарқылмайтын дастаным.
Мен - өмірді жас зерттеуші, жас ғалым.
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір - кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім - әрбір бетін ашқаным.

Лаззат
Жағылды ма жүрегіме жаңа шам.
Ойлауменен өтед ылғи оңашам.
Армандаймын ұлы еліме сүйікті.
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен
Күн батарда атар таңға үңілем.
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен.

Наргиз
Шешілмейтін жұмбағы сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір - ақ рет.
Қалу керек өмірдің бұлағы боп.
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Табиғатта сезімде, құлақ та бар.
Ренжітсең күрсініп жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар.
Қажығанда бойыңа қуат болар.

Айжан
Өмір деген, тұрады таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге.
Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
Өмір деген – көк мұхиттың толқыны,
Бір - бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір - бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып, алға шық.

Ғалымжан
Өмір деген пәк жаралған махаббат.
Ғашықтықтан жарқылдаған көздері,
Ұғынбайтын өз ойынан өзгені,
Өз жүрегін өртейтұғын өз демі.
Өмір деген - мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені.
Өмір деген сөйлем емес өйткені.

Жүргізуші.
«Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш - жігеріне, өзінің жазмышына сенуі өте маңызды» Сара Назарбаева айтқанындай.
Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл. Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз құныңды білесің. Егер ұмтылыс пен табандылық жеткілікті болса, адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.

Азамат
Өзіңе сен! Күшіңе сен бойдағы ерен,
Сенім деген киелі қойма дер ем.
Көл - көңілдің жатпайды жайнап үсті.
Жеңілу де, жеңіс те бұл өмірде.
Бәрі достым өзіңе байланысты

Лағыл
Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен.
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен,
Алысың да, сыйлайды жақының да.
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың бар болса, өз ескегің.
Өмірде мен сені осал демес едім.
Қимылдай бер тарта бер ескегіңді.
Шығады алдан жап - жарық келешегің.

Ерасыл
Мұрат етіп шындықты,
Ақиқатқа жүгінем.
Адалдықты ардақтап,
Жалғандықтан түңілем.
Үлкендердің ақылын,
Ақ бата деп ұғынам,
Шынын айтқан кішінің.
Пәктігіне қызығам.
Өтірік айтып өрікпіп,
Жамандыққа бармайық.
Алдаймын деп өзгені,
Өзіміз ұятқа қалмайық.
Әр нәрсенің байламын,
Шындықпенен шешейік.
Дақ түсірмей жүрекке,
Тәтті ғұмыр кешейік.

Аяулым
Жақсы мінез, жылы сөз - жан дәруі,
Жігіттің мұны керек аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның.
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы – жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның, кем болғанын көрмедім.
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

Жүргізуші
Жанбасаң жарық бермейсің,
Жалынсыз бекер терлейсің.
Жігерлі жанға ергейсің.
Достарым, жердің бетінде.
Жақсылық сырын тергейсің.
Өмірге екі келмейсің - демекші

Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрсенің барлығы Жақсылық ұғымы арқылы жасалады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат – мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық адамның ізгілігін көрсетеді.
Қазына
Жақсы болу өзіңнен.
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің аяда.
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла,
Өзіңді өзің қолыңа ал.
Өзіңсің - ақыл айнасы,
Тиеді саған мәні бар.
«Өзіңді тану пайдасы»
Анар
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма.
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра.
Қатыгез болсаң сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.
Ақселеу
Жақсылыққа жетем десең, қолыңда.
Бар жақсылық жақсы адамның жолында.
Жаман болып тумайды ешкім анадан.
Жаман адам қайдан шыққан соңында?
Соны ойла да өзіңе - өзің есеп бер.
Көктем - өмір, көкөрім бәйшешектер.
Екі жол бар жағаласып жататын,
Жақсылыққа апаратын жетекке ер.

Расул
Желдей жүйткіп жылдармен.
Мен де өсіп келемін.
Отанымды сүйемін.
Қадірін оның білемін.
Мектепке де барамын.
Білімнің бойлап тереңін,
Үйренемін ұғамын.
Өмірдің жинап керегін.
Керек болса керегім.
Қол ұшымды беремін.
Адал туған Отанға.
Ұлы болсам деп едім.

Бекзат
Жүректен жанға жылы сөз барма елде,
Жүрексіз тірлік барма суда, жерде.
Қашанда өмір жолы - жүрек сыры.
Тілеуін сол жүректің айтам менде.
Аяулы болғандықтан асыл жүрек.
Өз орнын кеудеден кең алып бөлек.
Күмбезде берік жылы өмір сүріп.
Өзіңді жамандықтан жүрер демеп.

Жүргізуші
Есте сақтап халқының қасиетін,
Баласы ол үлкенге бас иетін.
Паш етеді ер жеткен соң бар әлемге.
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін - демекші, ортада «Угай - ай» халық әні

Жүргізуші
Сара Алпысқызы Назарбаева:
“Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс” дейді
Құрметті жас достар!
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңінен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі.
Өтеді әр адамның жүрегінен,
Орындап ата - баба өсиетін.
«Өзімді өзім танумен, өсіп келем» атты онкүндіктің ашылу салтанатын аяқтаймыз. Қош сау болыңыздыр!

Толық нұсқасын жүктеу
Категория: Тәрбие сағаты | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Өзімді, өсіп, танумен, келем, өзім
Просмотров: 253 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar