Абай Құнанбаев - А - Ұлы заман Тұлғалары - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » А

Абай Құнанбаев
[ · Скачать удаленно (5.0Kb) ] 20.11.2012, 21:00

Абай Құнанбаев


Абай Кұнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Қазіргі Семей облысы, Абай ауданына дүниеге келді. Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Абайдың әкесі Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күнкеден – Құдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалаңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл тауды.Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу...» едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көтері, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқұға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балаларынан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақыртып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарына аралыстырмақ болады. Сөйтіп, 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абай үш әйел алған. Бәйбешесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже деген ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.

Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі.

Абай ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің, Сократтың философиялық және әдеби шығармаларын оқып, сусындаған. Абай Белинскийдің еңбектерін, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов шығармаларын ұнатып оқыған және қазақ тіліне аударған.

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, мандай алды қазақтың бас ақыны. Ол – керемет суреткер және соршыл лириканың сирек кездесетін шебері.

Категория: А | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Құнанбаев, Абай
Просмотров: 3225 | Загрузок: 243 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar