MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » А

Ахмет Байтурсынов
23.06.2013, 10:21
Ахмет Байтұрсынов.

(1873-1937)

28 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, түрколог, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

1882-1884 ж. ауыл мектебінде оқиды. 1890 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы ақпанда Орынборға екі жылға жер аударылады. 1913 жылы 2 ақпанда Орынборда «Қазақ» газетін шығарып, 1917 жылдың аяғына дейін редакторы болады.

1917 жылы шілдеде құрылған «Алаш» партиясының негізін салушылардың және оның басшыларының бірі болған. 1918-1919 жылдары Торғай облыстық жер басқармасында жұмыс істеген. Алашорда үкіметінде оқу ісін ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болған. 1919 жылы наурызда өз еркімен Кеңес өкіметі жағына өткен. 1919 жылы 24 маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары қызметтерін атқарады. 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болған.

Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Санкт-Петербургте басылды. 1911 жылы екінші кітабы «Маса» жарық көреді.

Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынды» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, 1923 жылы Мәскеуде шығарады. 1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен қазақ ауыз әдебиетіндегі жоқтау жырларды жүйелеп, жеке кітап етіп жариялайды. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөнінде «Әдебиет танытқыш» (1926) еңбегі жарық көрген. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.

А.Байтұрсынов - араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы.

А.Байтұрсынұлы 1929 жылы сталиндік абақты, лагерь тепкісіне түсіп, 1934 жылы елге қайтып оралғанмен, 1937 жылы тағы да жазаға ұшырап, 8.12.1937 жылы атылды. ҚазКСР-нің Жоғарғы Соты А.Байтұрсыновты 1988 жылы толық ақтап, мұралары халықпен қайта қауышты.

А.Байтұрсыновтың жары - Александра Ивановна (Бадрисафа Мұхамедсадыққызы). Әулиекөлдегі орыс-қазақ мектебінде (1896) мұғалім болған. Осы жерде А.Байтұрсыновпен танысады. 1896 жылы Троицкідегі мешітте некелерін қияды. Ислам дінін қабылдап, Ахмет Байтұрсынұлы оған Бадрисафа есімін берген. 1929 жылы А.Байтұрсыновты Архангельскіге жер аударғанда, Бадрисафаны да Томскіге жер аударған. 1937 жылы А.Байтұрсынов атылғаннан кейін, оны Свердлов облысына жер аударады. Бадрисафа А.Байтұрсыновтың өмірлік адал серігі бол

 



Категория: А | Добавил: Жадыра
Просмотров: 1177 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar