Лұқпан Қылышұлы Қылышев - Л - Ұлы заман Тұлғалары - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » Л

Лұқпан Қылышұлы Қылышев
[ · Скачать удаленно (15.5Kb) ] 31.10.2012, 22:17
Лұқпан Қылышұлы Қылышев (14.3.1909, Шыңғырлау ауданы – 1991, Алматы) — ғалым, Биология Ғылым Докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан FA-ның корриспондент Мүшесі (1959), Қазақстанның еңбек Сіңірген Ғылыми қайраткері (1974). ҚазПИ-ді бітірген (1935). 1942 жылдан Қазақстан ҒА-да (1946 жылға дейін КСРО FA-ның Қазақ Филиалы) Ботаника институтының Биохимия лабораториясын (1944-1952), Молекулалық биология және биохимия институтының алколоидтар биохимиясы лабораториясын (1983-1986) басқарды, 1986 жылдан сонда ғылыми кеңесші. 1952-1955 жылдары осы FA-ның Ботаника бағының директоры. Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктер биохимиясына арналған. Алколоидтар (пиридин, хинолизидин, изохинолин) мен фенол қосылыстары биосинтезі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске енгізді, ғылымға беймәлім жаңа ферменттер (анабазиноксидаза, никотин және лупининдегидрогенеза) ашып, оларға сипаттама берді, көміртегімен таңбаланған алколоидтер алу әдісін тапты; республиканың оңтүстігінде өсетін иілік өсімдіктер мен құрамында аллколоидтары бар өсімдіктердің өнеркәсіптік қорын анықтап, оларды ғылыми тұрғыдан бағалады итсигек пен дәрмененің мәдени плантацияларын жасау әдістері, Шымкент химия-фармацевтикалық зауытындағы өндірістік қалдықтарды органикалық тыңайтқыш және отын ретінде пайдалану жолдарын анықтады; Өсімдіктерінің тұздан улануы механизмін ашты. «Халықтар Достығы» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
Шығармалары
Биология анабазиса безлистного, А.-А., 1961;
Микробиологические окисления анабазиса, А.-А., 1977;
Флавоноиды растений, А.-А., 1978 (авторларының бірі).
Категория: Л | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Лұқпан, Қылышев, Қылышұлы
Просмотров: 1103 | Загрузок: 212 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar