Малайсары батыр - М - Ұлы заман Тұлғалары - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » М

Малайсары батыр
[ · Скачать удаленно (52.4Kb) ] 06.11.2012, 18:14
Малайсары батыр (шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батыры әрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл — батыр, балуан, анасы Мөлдір — қалмақ қызы, қарындасы Гауһар (Қабанбай батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан Уәлихановтың] жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.

Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуициясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай "знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп алған талғампаз, көрегендігіне таң қалмасқа болмайды.

Шоқан жинағының бірінші томында "Исторические предания о батырах ХVІІІ века” аталатын мақала бар. Мұнда ғалым ХVІІІ ғасырдың бетке ұстар ұлдарының көпшілігін қазақ аңыздарына сүйене отырып атап кетеді. Шоқан берген баға бойынша Малайсары батырдың тарихтағы орны Қаз дауысты Қазыбек, уақ Деріпсал, Баян батыр деңгейінде. Ғалым былай дейді:

"Когда спросили у Аблая, кого он из батыров более уважает из всех трех орд, он отвечал: "Из предшествовавших мне мужей двое заслуживают удивления: Казыбек каракесековец, который возвратил от Галдана 90 своих пленных и Дерпсалы уаковец, также возвративший своих пленных. Первый возвратил просьбой и был сам у Галдана, а последний устрашил врага сидя в своем ауле. Из моих батыров басентииновец Малайсары по богатству, храбрости и по характеру, и уаковец Баян по уму и храбрости стоят выше всех” (Ч.Валиханов.Собр.соч. Т.1. с 125).

Біздің ойымызша, Малайсары 1708 жылдары Сырдың бойында Түркістан атырабында туып, кейін Арқаға көшкен. Әкесі түйені көтерген, жолбарысты жалаң қолымен жарып өлтіретін Тоқтауыл батыр. Малайсарының шешесі қалмақтың атақты нояндарының қызы, түп-тегі хошоуыт тайпасы болса керек. Шежіреге қарасақ, аты – Молдыр. Қалмақтың тілінен аударғанда асылтас деген ұғымды білдіреді. Малайсары батырдың анасының атымен аталатын елді мекен, қоныс атауы Павлодар облысы, Май ауданының картасында кездеседі.

Малайсарының Сырдың бойында туғанына дәлел – інілерінің аттары. Бірінің аты – Бағыс, екіншісінің аты – Қарнақ. Бұл екі жер де тарихи орындар, қазақ баласына белгілі. Бағыс осы жақында ғана Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесіне байланысты елдің құлағында, ал Қарнақ Әзіреті Түркістанға 25 шақырым жерде орналасқан қала. Бұл Қарнақта қасиетті Әзіреті мешітіндегі қазанның жасалғаны, революцияға дейінгі заманда Қарнақтың бір өзінде қазақ балаларын дін жолына тәрбиелейтін 22 медресенің болғаны бәрімізге белгілі.

Шоқан жинағының үшінші томында "Черновой набросок о древних грамотах” дейтін мақаланың тарихи құндылығы өте күшті. Мақаланың мазмұны қазақ хандарына, батыр-билеріне сыртқы елдерден (қалмақ, қытай) келген грамоталар жөнінде. Шоқанның жазуына қарағанда Абылай немерелерінің қолында көптеген тарихи мұралармен бірге Қытай императорлары Цянь-Лун, Цзя-Цин атынан келген грамоталар сақталған. Бұлардың деректік қабілеті ХVІІІ ғасыр тарихын зерттеу үшін өте күшті: "грамоты эти писаны на маньчжурском, калмыцком и на так мало известном (тюркском) языке, на которым говорят жители Малой Бухарии, или китайского Туркестана, и потому имеют немалый интерес для наших ориенталистов”, – дейді зерттеуші.

Шоқан қолындағы грамотаның бірі Жоңғар қонтәжісі Қалдан Сереннің Малайсары батырға "тархан” атағын беру туралы жарлығы. Бұл грамота қалмақ тілінде "тодо бичиг” жазуымен жазылған ("төте жазу” – деген сөз осыдан шығады). Шоқан Малайсарыға берілген грамотаны батырдың ұрпақтарынан алып, өз туысы Абылай Ғаббасұлына оқытады. Ғаббас (қазақ ішінде Ғаббас хазірет дейді) Уәли ханның Ғұбайдолладан кейінгі екінші ұлы, дипломатиялық қызметке жас кезінен бастап дайындалған, Қытайда оқыған адам. Оның баласы Абылай да бірнеше тілде сөйлеп, жаза білетіні ғылыми деректерден белгілі. (Қазақ төрелерінің ішінде өз балаларына аты шыққан, ұлы аталарының атын беру жиі кездеседі. Бұл қалыптасқан дәстүрге ұқсайды. Мысалы Абылай (Әбілмансұр) генеалогиясын қарайық: Шыңғыс хан ® Жошы ® Орда Ежен ® … Есім ® Салқам Жәңгір ® Аула Бақи ® Абылай (Қанішер) ® Уәли (Көркем) ® Әбілмансұр (Абылай) ® Уәли ® Ғаббас ® Абылай, және т. с. с). Шоқан осы мақалада Малайсарыны "киргизский родоначальник (бий и батыр)” деп атайды. Бұл мысал Абылай тұқымының Малайсары батырдың тарихтағы орнын толық белгілегенін, жоғары баға бергенін көрсетеді.

Қалдан Серен грамотасының негізгі мәтінімен қатар Шоқан Малайсарыға қатысты бірнеше тамаша анықтама береді. Оның жазуынша ол Абылай заманындағы батырлардың ішіндегі ең белгілісі: "Малай – Сара, по калмыцкому произношению Малай – Шора, был одним из самых (влиятельных) биев и батыров Средней Орды во времена ханов (Абульмамбета) и Абылая. Малай – Сара происходил из басентийнского рода аргынского племени”(Ч.Ч.Валиханов. Собр.соч. т. 4. с. 302).

Шоқан зерттеуіне қарағанда Малайсарының аты шыға бастаған уақыт XVІІІ ғасырдың бірінші жартысы, қазаққа төрт құбыланың бәрі жау болып, жан қысылған уақыт: "Когда джунгары, буруты (қырғыз – авт.), каракалпаки, башкиры, русские казаки, волжские калмыки со всех сторон теснили и грабили беззащитный народ, в это-то время неурядиц, смут, голодных годов и начинает возвышаться Малай – Сары, один из первых сподвижников султана Абылая…” (Ч.Ч.Валиханов.Собр. соч. 302).

Абылай маңында бұл кезеңде бірнеше саяси бағыт, мүдде, қөзқарас көрініс табады. Солардың ішінде отаншыл бағыттағы топтың (Шоқан жазуынша "патриоттық партия”) көсемі Малайсары болғанға ұқсайды. Ресей бағытында ол кезде Орта жүздің Шақшақ Жәнібек сияқты батыры, ірі ру басшысы болды. Шоқан жазбаларына, басқа да деректерге қарағанда орыс партиясының ел арасындағы беделі онша болмаған сияқты. Шоқан "русская партия была ничтожна” деп жазады.

Бір ғажабы Шақшақ Жәнібектің Ресейден, ал Малайсарының Жоңғариядан "тархан” атағын алуы қатар болған. Бұл кездейсоқтық емес екені айдан анық. Қазақ басшыларының алдында Шоқан айтқандай екі кеменің біреуінің құйрығын ұстау міндеті тұрды. Бірақ Абылай өзінің кемел ақыл-парасатының, ұстамдылығы мен кемеңгерлігінің арқасында екі жаққа да бой алдырмай, мемлекет тәуелсіздігін қорғай білді.
Категория: М | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: батыр, Малайсары
Просмотров: 935 | Загрузок: 191 | Рейтинг: 5.0/15
Всего комментариев: 0
avatar