Меңдешев Сейітқали Меңдешұлы - С - Ұлы заман Тұлғалары - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » С

Меңдешев Сейітқали Меңдешұлы
[ · Скачать удаленно (16.3Kb) ] 31.10.2012, 21:11
Меңдешев Сейітқали Меңдешұлы (16.6.1882, бұрынғы Ішкі Орданың Қалмақ – Шағыл ауылы – 1937) – қоғам және мемлекет қайраткері.

1903 жылы Қазан мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін 13 жыл мұғалім болған. Бірінші орыс революциясы тұсында өңірдегі зиялы қауым өкілдерінен құрылған астыртын ұйымның жетекшісі болып, ағартушылық бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен айналысты. 1916 жылы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, Астрахань түрмесіне қамалды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ішкі Орда қазақтарының өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға атсалысты.

1918 жылы Кеңестердің Бөкей губерниясы съезінде губерния атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.
1919 жылы шілдеде қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери ревкомның мүшесі және оның төрағасының орынбасары болды.
1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР ОАК-інің төрағасы қызметінде жүріп ашаршылыққа қарсы күресті басқарды,
1921 жылы Қазақстанның солтүстік аймақтарын,
1924 жылы Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақ АКСР-іне қосуда үлкен қажыр-қайрат көрсетті. Патша өкіметі кезінде қоныс аударушыларға тартып әперілген шұрайлы жерлерді қазақтарға қайтару керектігі жөнінде мәселе көтерді. Алаш қозғалысы қайраткерлерімен кеңестік билік ымыраға келмеуі керек деп есептеді.
1925 – 1926 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы.
1926 – 1930 жылдары РКФСР экономикалық кеңесінің мүшесі.
1930 – 1937 жылдары Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссары, Қазақ АКСР ХКК жанындағы ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақ АКСР ХКК жанындағы қорықтар мен тарихи ескерткіштерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Саяси қайраткер ретінде БК(б)П 10 – 16-съездерінің, Коминтерннің 5-конгресінің делегаты;
КСРО БОАК-інің ұлт республикаларында жер пайдалану мәселесін шешу жөніндегі комиссияның және конституциялық комиссияның мүшесі (1925 – 26);
КСРО БОАК-інің Чувашия кеңестерінің кезекті сайлауын өткізу жөніндегі өкілі (1928 – 1929) болды.
1921 – 26 жылдары РК(б)П Қазоблбюросының, РК(б)П ОК Қазақ бюросының, РК(б)П Қазақ обкомының мүшесі болды.
1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. Ол мәдени-әлеум. салаға әсіресе республикадағы оқу-ағарту ісінің дамуына ерекше көңіл бөлді.

Жаңақала ауданындағы орта мектептің бірі, Алматының бір көшесі Меңдешев есімімен аталады.


Категория: С | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Меңдешұлы, Сейітқали, Меңдешев
Просмотров: 914 | Загрузок: 195 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar