Ыбырай Алтынсарин - Ы - Ұлы заман Тұлғалары - Скачать Рефераты, слайды, тесты - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » Файлы » Ұлы заман Тұлғалары » Ы

Ыбырай Алтынсарин
[ Скачать с сервера (155.6Kb) ] 30.10.2012, 20:01

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.


Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.

Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[1]

Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.[2]

Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

[3]

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. [4]

Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).

Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.

Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихындағы орны



Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының

игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.

Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.

Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты.

Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді.

Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы...

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.

Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.

Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.

"Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

1) Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

2) Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас...

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас...

Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.

Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.

Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған "Өсиет өлеңдер", "Әй жігіттер" тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты,астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,естілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:

Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,

Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.

Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен

Алыс- алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар...

Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп айта алмаймыз.

Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Өйткеніпейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.

Ыбырайдың "Жаз","Өзен" өлеңдері көркемдік келісім жағынан

(халық өмірімен байланыс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар.Олардың орыс әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді.

Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр.Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын атап көрсетеді.

Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. ("Бұл кім?, "Ананың сүюі", " Балғожаның хаты"...)

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның " Бай баласы мен жарлы баласы", "Қыпшақ Сейітқұл", "Киіз үй мен ағаш үй", "Надандық", "Лұқпан хакім", т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.

"Бай баласы мен жарлы баласы" - Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың

адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, "Родник" журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді.

Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-"Қыпшақ Сейітқұл". Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.

Көркем әдебиеттің күрделі жанры - әңгіме екені белгілі. Өйткені үлкен жанрдағы шығармаларға қойылатын талаптар әңгіме, новелла тәрізді (1-2 эпизодтан тұратын көркем қысқа әңгіме) шағын шығармаларға да қойылады. Бұл тұрғыдан алғанда Ыбырайдың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.

Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев: "Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы атасы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрлысынын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар,"-деп жазды.

Бұл аталған ерекшеліктер жазушының барлық әңгімелеріне ортақ...

Мектеп оқулығы үшін жазылғандықтан, Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.

Әңгімелерін идеялық нысанасы жағынан жүйелер болсақ, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім (ана- бала) перзенттін парыз, т.б. өмірдің өзекті мәселелері қамтығанын көреміз.

Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен- бірі ұштастырыла суреттеліп отырады. Оның шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін, азаматтың тұлғасын көреміз, сүйсінеміз.

Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны расан зор.

Қорыта келгенде, Ыбырай Алтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер.

Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,"- деп баға береді.

Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қазақ әдебиетінде педагог- жазушының көркем бейнесі жасалуда.Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы" поэмасын,үзінді... М.Ақынжанов " Ы.А" пьсасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы ұстаз" романы жазды, Кинофильм түсірілген.Қостанайда ескерткіші бар т.б. т.б. Қадырдың өлең шумағымен аяқтау...

Категория: Ы | Добавил: Злой_Админ)) | Теги: Алтынсарин, Ыбырай, Реферат
Просмотров: 3091 | Загрузок: 291 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar