2013 жылы ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек - 13 Ноября 2012 - Қазақстандық оқушыларға тегін рефераттар сайты
MENU
Главная » 2012 » Қараша » 13 » 2013 жылы ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек
23:36
2013 жылы ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек
2013 жылы мектеп бітіретін түлектер үшін ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзінің ресми блогында мәлімдеді.
ҰБТ төңірегіндегі сұрақтар алдағы оқу жылы мектеп бітіретін түлектер мен ұстаздардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Министрдің блогына хат жолдаған Ботакөз Арыстанова есімді азаматша "Келесі жылы ҰБТ-ға тағы да бірнеше пән қосылады деген рас па?", деп сұрған екен.
Министр Б.Жұмағұлов: "ҰБТ өткізудегі 9 жылдың тәжірибесі тестілеуді одан әрі жетілдіруге пайдаланылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге (мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясы және ЖОО-ға түсу емтихандары) бөлу бағытында эксперимент жасау жоспарланып отыр. Бұдан әрі 2015 жылы логикалық сипаттағы тестілерді пайдаланатын, екі кезеңдегі компьютерлік тестілеу жүйесіне толық көшіріледі" деп жауап берген.
Категория: Новости | Просмотров: 7268 | Добавил: Злой_Админ)) | Рейтинг: 10.0/250